Тушьтың алтын қағидалары

Кірпікке арналған тушь әр қыздың косметикасының арасындағы ең пайдалы әсемдік құралы болар. Кірпігіңіз әр кез әдемі боялуы үшін, мына кішігірім кеңестермен таныс болыңыздар. 

Тушь таңдағанда оның пішініне
үлкен мән беріңіз. Қалың щетка кірпікке көлем береді, иілген пішіндісі кірпіктерді бұрайды, пластмассалы қысқа щетка әр кірпікті бөліп, ұзартады. Қара тушь - әмбебап құрал. Ол кез келген түсті көздерге, шашқа, қабақ бояуына жарасады. Тушь тек көзді бояп қана қоймай, кірпіктерге күтім көрсетсін десеңіз, құрамында балауыз, кварц, кератин, пантенол, каолин, дәрумендер бар түрлерін таңдаңыз. Суда ақпайтын тушьты қолданбаған жөн. Қолданатын болсаңыз, оны көзден сүрткенде, ерекше абай болыңыз. Оны кетіру үшін арнайы косметикалық сұйықтықтарды қолданыңыз. Көзіңіз одан да әдемі көрінсін десеңіз, тушьты бірнеше қабат жағыңыз. Екінші қабат жақпас бұрын, біріншісіне кебуге мүмкіндік беріңіз. Астыңғы кірпіктерді бір реттен артық боямай-ақ қойыңыз. Керісінше жағдайда макияжыңыз тым жасанды көрінеді.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: gortenzija.com