Арықтау: жүз пайыз диета

Жаз мезгілі артық салмақтан арылуға ең қолайлы кезең. Біз ұсынар диетаны өзіңізге деген аса сенімділікпен, арықтауға деген зор құлшыныспен бастасаңыз, қалаған мүсініңізге тез жетесіз. Бұл 28 күнге созылады. 

Ең бірінші күні тауық етінен басқа ештеңе жемейміз. 
Екінші күні балық қана жейміз. 
Үшінші және төртінші күн көкөністер күні саналады. 
Бес, алты, жетінші күндері сүт өнімдерімен дос боламыз. Айран, сүзбе тағамдары майлылығы аз пайыздық түрін таңдаған дұрыс, бірақ 0% емес, 1 не 2-3 пайыздық болғаны жөн. 

Бір апта өткен соң осы тізбекпен ары қарай жалғастыра бересіз, яғни сегізінші күні тағы да тауық етін ғана тұтынамыз. 

Бұл диетаның ерекшелігі тағам көлеміне өлшем қойылмайды. Тек осы тағамнан басқаға қол салмасаңыз жетеді. Бір-екі күн өткеннен-ақ диета нәтижесін көрсетіп, ары қарай жалғастыруға деген ынтаңыз арта түседі. Іске сәт!