Эсте Лаудер жетістігінің қарапайым құпиялары

Эсте Лаудер (01.07.1908-24.04.2004) – америкалық кәсіпкер, «Estée Lauder» корпорациясының негізін қалаушы және директорлер кеңесінің алғашқы төрағасы. Оның өмірлік мақсаты әлемдегі барлық әйел затын таңғажайып әсем әрі қайталанбас сұлу етіп жасау. Осы жолда ол тек косметикалық бренд жасап қана қойған жоқ, көп миллионды сұлулық патшалығын құрды.

Алайда, бьюти-индустрияға осыншалық жоғары деңгейде ықпал ете жүріп, ол өзінің сүйікті жар, қамқор ана бола аларына таңданыспен қарайды. Сондықтан да оның жетістік туралы өте көркем жазбаларын оқығанда өзіңе үлгі етіп, үйренгің келеді. Әлемдегі ең танымал косметикалық брендтің негізін қалаған ол жасының егде тартқанына қарамастан (96 жыл жасаған) өзіне күтім жасауын ешқашан тоқтатпаған. 

Сонымен әйгілі косметика патшайымы Эсте Лаудердің жетістік жайлы жазбаларына үңіліп көрелік:

1. Тәуекелге бармай-ақ, түйсікке (интуиция) сүйенбей-ақ адамдар өз жетістіктерінің кірпішін өздері қалайды.

2. Қол жеткізгің келсе, біраз шығындалуың керек.

3. Сіз қателік жіберуге құқылысыз... Тек бір-ақ рет.

4. Көздеген мақсатыңа жетудің ең тиімді жолы - жетістік толқынына бағдарлану. Бұл өмірге өте қажет.

5. Өз жетістігіңізді анық елестетіңіз, сонда оған жетеріңіз анық.

6. Әлемдегі ең ұлы миф – көз қаратпас жарық жетістіктің таңғажайып формуласын түсіндірген миф.