Арықтағыңыз келе ме?

Арықтағыңыз келе ме?
Фото: www.lifehack.org

Американдық дәрігер Джути Джилл ұсынады:

1. Егер сіз кішкентайыңыздан тарелкада түк қалдырмауға үйренсеңіз де, барлық тамақты тауысып ішпеуге тырысыңыз.

2. Тамақ үстінде алаңдамаңыз. Мәселен, газет оқып отырсаңыз – не ішіп отырғаныңызды білмейсіз, сондықтан, тамақтану мәдениетіне көңіл бөлген дұрыс.

3. Аузыңызға салған тамақтың дәмі мен иісін сезінуге тырысыңыз.

4. Тамақты әбден шайнап жұтыңыз, сонан соң ғана қасық-шанышқыңызды қайта ұстаңыз.

5. Жұтқан сайын азғана үзіліс жасаңыз.

6. Жалғыз тамақтанбауға тырысыңыз.

7. Жұбайлар диета сақтауда бірін-бірі қолдағаны жөн, егер біреу оны (диетаны) сақтамаса -ренжудің қажеті жоқ.

8. Тамақты шақтап дайындаған жөн. Артық дайындалған тамақты тек қомағай ішеді.

9. Егер үйіңізде ас үй болса, дастарханды сонда дайындаңыз. Тағы ішкісі келетіндердің ас йге қайта барғысы келмеуі де мүмкін.

10. Тамақ ішу уақытын созуға тырысыңыз. «Жыланның басы қайтуы» туралы сигнал миға тамақ ішкен соң 20 минуттан кейін ғана жететінін ұмытпаңыз.

А. Оралқызы