Қысқа шашқа арналған шаш үлгілері

Әдемі шаш үлгілері тек ұзын шашты қыздарға арналған деп ойласаңыз, қателесесіз. Мамандар қысқа және орташа шаштарға арналған сәнді шаш үлгілерін ұсынады. 

Грек үлгісі

Самайдан сәл жоғары жіңішке өрім өріп, келесі жаққа аударып, өрімді жалғастырыңыз. Өрімнің соңын байлап, өрілмеген жақтан екінші өрім жасаңыз. Содан соң екі өрімді біріктіріп, түйреуішпен бекітіңіз. 

Көлемді өрім

Шаш үлгісін бастамас бұрын шашыңызға ылғалдандырушы спрей немесе жылы су шашып, сулап алыңыз. Сол кезде шашыңыз ыңғайға оңай көнеді. Жаңа шашты қосып отыратын "бидай өрімін" бастаңыз. Құлаққа жетіп қалғанда жаңа шашты қосуды тоқтатып, аздап үш өріммен жалғастырып, резеңкемен байлаңыз. Өрімнің ұшынан шашты мұқият тартып, жиектерін шығарыңыз. Сол кезде өрім көлемді көрінеді. Осыны келесі жаққа да қайталаңыз. Өрім ұқыпсыз шықса, уайымдамаңыз. Сондай болғаны да жақсы. Артқы жағында қалып қойған шаштарды көрінбейтін түсті резеңкемен түйіп, екі өрімді сол жерге түйреуішпен жинап қойыңыз.  

Жіңішке өрім

Шашыңызды бір қырынан бөліңіз. Шаш көп бөлігін бос қалдырыңыз. Екінші шаш аз бөлігін екіге бөліп, ұсақ "бидай" өрімін тартып өріңіз. Өте сәнді шаш үлгісі шығады. Мұндай өрім шашыңызды бұрын бояп, шаш түбіндегі бояу кете бастағанда, кемшілігі білінбей тұрады. Керісінше, сол бояу кетіп, жаңа шаш өскен жерлері сәнді көрінетін болады. 

Француз өрімі

Бірнеше көлемді шашты алып, өрім жасаңыз. Құлақтың артына түйреуішпен білдірмей қыстырып қойыңыз. Шаштың бір жағын немесе екі жағын да жасасаңыз да болады. 

Жылан өрім

Бұл өрімді өруге шыдамдылық керек. Бірақ нәтижесіне қуанатын боласыз. Шаштарды аз етіп алып, жылан өрім өресіз. Соңында бантикпен (қыстырғыш) бекітіңіз. Егер шашыңыз жұқа болса, өрім жасарда шаштың арасына жұмсақ иілімді бигуди немесе жіңішке поролон салып өріңіз. 

Шашты кейін қарай өру

Мұндай шаш үлгісі қонаққа жасап баруға да жақсы. Өрімді кейін қарата өріп, шаштың артқы жағына түйреуішпен білдірмей қыстырып қойыңыз.