Көз астындағы дақтарды кетірудің жолы

Көз астындағы дақтарды кетірудің жолы
Фото: nakonu.com

Көптеген адам көз астындағы дақтар мен ісінуді кетірудің жолын іздейді. Біздің ұсынатын қоспамыз көз айналасындағы терінің түсі мен жұмсақтығын қалыпқа келтіреді.

Ол үшін:

1 ас қасық зәйтүн майы;
Е және А май түріндегі дәрумендері керек.

Кішігірім банкаға 1 ас қасық зәйтүн майы мен 3 тамшы Е және А дәруменінің майын қосыңыз. Мақта таяқшасымен араластырыңыз.

Таңертең және кешке қоспаны көздің астына жағып, ақырындап уқалаңыз.

Тері жылтырап тұрмауы үшін жарты сағаттан кейін құрғақ майлықпен сүртіңіз. Зәйтүн майының орнына миндаль, шабдалы немесе итмұрын майын пайдалануға болады.

Ал сіз қандай әдіс білесіз?

Ф. Абилова