Бетті тазартудың әдісі

Жаз маусымында бетті мейлінше жиі тазартып тұру керек. Ол үшін үй жағдайында жасалатын әдісін пайдаланыңыз.

Ол үшін бізге:

1 ас қасық сұлу ұны;
1 шай қасық өсімдік майы;
1 ас қасық бал;
1 шай қасық алма шырыны;
½ стақан қышқыл айран;
½ шай қасық лимон шырыны;
минералды суы бар сү секпіші керек болады.

Дайындау жолы:

1. Сұлы ұнын маймен араластырып, 5-7 минутқа қалдырыңыз.

2. Үстінен бал мен алма шырынын жағып, 5-7 минутқа қалдырыңыз.

3. Үстінен айран құйып, 5 минут күтіңіз.

4. Бәрін сумен шайып, минералды суды секпішпен бүркіп шығыңыз.