Безеуден құтылудың бір жолы

Безеуден құтылудың бір жолы

Безеуден, беттің майлануынан құтылу үшін саздан (глина) жасалған масканы қолдану керек. Бұл масканы дайындау үшін бізге мынадай құралдар қажет болады:

- стақан

- шай қасық

- 2 шай қасық саз (көгілдір немесе сарғыш түстісін таңдасаңыз болады)

- 1 шай қасық балдыр (міндетті түрде құрғақ болуы керек)

- 3-4 шай қасық су

- дымқыл майлық

- мақта

- қолғап

Стақанға 2 шай қасық саз, 1 шай қасық балдыр мен 3 шай қасық су құйып, араластырамыз. Нәтижесінде қою қоспа болуы керек.

Бетіңізді сумен шайып, масканы жағыңыз. Құрғақ бетке саз дұрыс жағылмайтынын ескеріңіз. Жұқалау етіп жаққаныңыз абзал. 20 минуттан соң бетіңіз құрғауы қажет.

Құрғаған соң дымқыл майлықпен ақырындап сазды алып тастаймыз. Бетіңізді тазалап болғаннан кейін, сумен жуыңыз. Бетіңіз құрғағаннан кейін, ылғалдандырушы иісмайды уқаламай, саусақтарыңызбен сәл қағып жағамыз. 3 минуттан соң иісмайдың қалдықтарын мақтамен сүртіп тастаймыз.

Нәтижесін форумға жазып отыруды ұмытпаңыздар, арулар!

Сурет: biokrasota.ru

Оқи отырыңыз:

Безеуден құтылудың әдістері

Бет күтімінің арзан түрін білесіз бе?

Авокадоның пайдасын білесіз бе?

Қысқы бет күтімінің ерекшеліктері

Бет күтіміне арналған кеңестер

Ф. Абилова