Кейпіңізді жаңартатын 9 жол
![Кейпіңізді жаңартатын 9 жол](/userdata/news/news_1621/photo.jpg)
Күнделікті киіміңіз, аяқ киіміңіз бен макияжыңыз жалықтырды ма? Жаныңыз бір жаңалықты қалайды ма? Құлпырған көктемді шын сезініп, көңіліңізді көтеремін десеңіз, мына кеңестерге құлақ түріңіз.
![]() | Ашық түсті маникюр жасаңыз. Ашық, ақшыл фуксия, жалбыз, не лаванда түстері сіздің көңіліңізге көктем береді. |
![]() | Теріңізге сиқырлы жылтыр беріңіз. Көктемде теріге арнайы маскалармен күтім беріп, оған арнайы жылтыр беруші крем жағып көріңіз. |
![]() | Қастарыңыздың пішінін дұрыстаңыз. Сондай-ақ, оларға реңк беруші қарындаш алып, арнайы тарақпен де тарап отыруды ұмытпаңыз. |
![]() | Гүлді суреті бар көйлектерді таңдаңыз. Бұндай көйлекті достармен кешкі отырысқа да, қала көшелерімен қыдыруға да, сүйіктіңізбен кездесуге де киюге әбден болады. |
![]() | Хош иісті әтір алыңыз. Қыста ағаш, даршын, зімбір сияқты жылытатын иіс су қолдансаңыз, енді жеңіл, гүл не жеміс-жидек иісі бар әтір алыңыз.
|
![]() | Басыңызға сәнді етіп орамал байлап алыңыз. Бұл маусымда жібектен тігілген жарқын түсті басқа тағылған орамалдар ерекше сәнді болмақ. |
![]() | Ерініңізді қызғылт сары түсті далаппен бояп алыңыз. Коралл түстес қызғылт далаптың дұрыс таңдалған реңкі кейіпіңізге көктем лебін сыйлайды.
|
![]() | Шашыңызды гүлмен сәндеңіз. Үлкен гүлдің көмегімен кез келген қарапайым шаш сәнін құлпыртуға болады. |
![]() | Аяғыңызды ретке келтіріңіз. Қысқа белдемшелер мен шолақ шалбарлар кигіңіз келсе, аяғыңызға ерекше күтім беріп, педикюр, эпиляция жасап, жаттығулар істеуді ұмытпаңыз. |
Суреттер: manikyra.net, jeunefille.ru, popcornnews.ru, cosmo.com.ua.
С. А