- Негізгі бет
- Классика
- Top Gear бағдарламасының...
Top Gear бағдарламасының Қазақстанға сапары белгілі болды
Top Gear автошоуының түсірілім құрамы Оңтүстік Қазақстан облысына жаңа маусым түсіру үшін келеді. Құрам толығымен келген соң олар Шымкенттен Түркістанға жол тартады. Ал түсірілім тобының көлік құралдары Алматыдан келеді.
Түсіруші топ Шымкент қаласында жалпы түсірілімдер жасап, келесі күнді Түркістанда өткізеді. Қожа Ахмет Яссауи және Рабиға Сұлтан Бегім кесенесіне барады. Қалған күндерінде Отырар және Сауран қалашықтарына болады. Экипаж М32 шоссесінің маңындағы жолсызбен жүрмекші екен.
Түсірілімге мына көлік құралдары пайдаланылады:
1) Avtoros ATV Shaman (түсірілімге арналған көлік), өндіруші ел: Ресей Федерациясы
2) Mercedes G500 4x4 Squared (түсірілімге арналған көлік), өндіруші ел: Германия
3) Dacia Duster (съемочный транспорт), өндіруші ел: Ұлыбритания.
Экипаж 10 камерамен саяхаттайды.
Top Gear − ағылшынның автосүйер қауымына арналған танымал бағдарламасы. Бағдарлама 1977 жылдан бері шығып келеді. Бағдарламаның ресми тарату аудиториясы шамамен 350 миллион адам. Ұлыбританияда ол BBC Two және BBC Two HD арналарында көрсетіледі. 2009 жылы Top Gear онжылдықтың үздік бағдарламасы атанған.
Дереккөз: Tengrinews
С. Ерсін