- Негізгі бет
- Көкжиек
- Пабло Пикассоның ...
Пабло Пикассоның қанатты сөздері
Қадірлі Massaget.kz порталының оқырмандары, сіздерге бейнелеу өнерінің тапқыры, испан суретшісі Пабло Пикассоның қанатты сөздерін ұсынамыз. Пайдасы болса алыңыздар, болмаса Пикассоның өз сөзі өзінікі.
- Ойда-жоқта маған шабыт келсе, амалсыздан жұмыс істеуіме тура келеді.
- Барлығы көркемөнерді танығысы келеді. Ал неге олар құстың сайрағанын ұғынғысы келмейді?
- Өзін-өзі жек көруден ұнату әлдеқайда оңай.
- Барлығы өзгеруге құқылы, тіпті суретшілер де.
- Мен іздемеймін. Мен табамын.
- Егер көбелектің сұлулығын сезінгің келсе, оған қол тигізбе.
- Жас суретшіні бірнеше адам ғана түсінеді. Ал ұлы суретшіні түсінетіндер одан аз.
- Мен ақшасы бар кедей болып өмір сүргім келеді.
- Егер біз миымызды алып тастап, тек көзімізбен қиялдасақ қой...
- Қиялыңда елестегеннің барлығы шындық.
- Эйнштейннің тапқырлығы Хиросимаға дейін жетті.
- Мен заттардың суретін көріп емес, сезіп саламын.
- Маған мұражай сыйласаңыз, мен оны толтырамын.
- Махаббат – адамды қайта қалпына келтіруші сезім.
- Егер мен жүрген барлық жолды картада белгілеп, оларды бір сызыққа қосатын болсам, минотаврдың бейнесі шығар еді.
- Егер шындық біреу болғанда, мен бір тақырып төңірегінде жүздеген сурет сала алмас едім.
- Көркемөнерді ойлап шығаруды да білу керек.
- Көркемөнер соқырлардың шұғылданатын жұмысы.
- Көркемөнер – күнделіктің басқа бір түрі.
- Идея бір бағыт қана. Сен оны толық түсінгеннен кейін ғана ойға айналады.
- Адамдардың асыл нұсқасынан көшірмелері көп.
- Барлық адам балалық шағында суретші болады. Дегенмен біршамасы ғана өскенде сол бағытынан айнымайды.
- Кім адамның жүзін дұрыс көре алады: фотограф, айна әлде суретші?
- Бояулар адамның эмоциясы секілді өзгеріп отырады.
- Біз қартаймаймыз, қайта жетілеміз!
- Өз өнерін бизнеске айналдырып жүргендер – шығармашылықтың адамдары емес, алаяқтар.
- Кейбір суретшілер күнді сары түске бояп бейнелейді, ал тағы біреулері сары домалақты күнге айналдырады.
- Біреулер ненің бар екенін және неліктен олай екенін сұраса, мен ненің болуы мүмкін болғаны мен оның неліктен жоқ екенін сұраймын.
- Жұмыс адамның қажеттілігінен туындаған. Оятқышты да адамдар ойлап тапқан.
- Жас ұлғайған сайын, желдің соғысы да күшейе түседі.
- Сенде, ең болмағанда, әлі бағыты анықталмаған болса да бір идея болуы тиіс.
- Жақсы суретшілер көшіреді, ал ұлы суретшілер ұрлайды.
- «Жақсы дәм» - шығармашылықтың қас жауы.
- Сурет салу үшін көзді жұмып, ән айту керек.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.pablopicasso.org
Ж. Өрісбай