- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Пабло Пикассо -...
Пабло Пикассо - "Кубизм" стилінің авторы
Құрметті оқырмандар! Сіздерге жиырмасыншы ғасырдың әйгілі тұлғасы Пабло Пикассо туралы әңгімелеп бермекпіз.
Аты әлемге белгілі Пикассо өмірін Испания жерінде өткізген. Осы салада жүрген басқа тұлғалардан айырмашылығы мынау. Пикассо сурет өнеріне бұрын-соңды болмаған жаңа стиль әкелді. Әлбетте бірден емес. Үйреніп, тәжірибе жасап, өнерін шыңдау арқылы...
Кеңістікті қабылдаудың бір түрі ретінде ол "Кубизм" деп аталатын стилін халыққа ұсынды. Бұл ерекшелік сурет өнерінің бет жағынан хабары бар адамдарға да кеңінен танымал.
Пабло Руис Малаг қаласында 1881 жылдың 25 қазанында дүниеге келді. Әкесі де суретшілікпен айналысқан. Пабло кейінірек анасының қыз кезіндегі тегін өзіне алады. Осылайша, Барселонада өсіп, тәлім алған ол Пабло Пикассо деген атпен елге таныла бастады.
Пикассо 1900 жылдары Франция мен Испанияның арасында көп жол жүріп, өмірін осы екі аралықта өткізді. Осылайша, өнерін де шыңдай түсіп, 1904 жылдардың шамасында "Жасыл табиғат" атты туындыны салып бітіреді. Бұл картинаның да өзгеге ұқсамайтын өзіндік стилі болатын.
Ал 1907 жылы "Тырналар" атты "Кубизм" стиліндегі жаңа дүние өмірге келді. Бұл еңбек оның шығармашылығындағы төңкеріс жасаған туынды болып саналады.
"Герника". Пабло Пикассо, 1937
Пикассо француз Джорджес Брак атты суретшімен тығыз қатынаста болып, өз стилін қалыптастыру үстінде біраз тәжірибеден өтті. Осылайша 1912 жылы оның "Коллаж" атты картинасы дүниеге келді. Бұл туындының бір ерекшелігі түрлі маталар мен газет парақшаларының пайдаланылғандығында болды.
1937 жылғы "Герника" атты еңбегінің салынуына солтүстік Испаниядағы соғыстан зардап шеккен қираған үйлердің көрінісі түрткі болыпты. Айта кетелік, осы кезеңдерде Испанияда азаматтық соғыс болып жатқан еді.
Көптеген өнер адамдары секілді Пикассоның өнеріне тәнті болып, көңілін білдірген қыз-келіншектер көп болды. Оның артында 4 баласы қалды.
Әйгілі суреткер 1973 жылдың 8 сәуірде Каннда дүниеден өтті.
сурет: ru.tsn.ua