- Негізгі бет
- Көкжиек
- Кітабының киносын ұнатпаған...
Кітабының киносын ұнатпаған классиктер
Даудың басы да осында: не күшті, не керек? Кітап па, кино ма?! Өз ісінің мықтылары үшін кинематографтар мен көркем жазудың шеберлері арасындағы қақтығыс қызық һәм қарабайыр көрінуі мүмкін. Көптеген жазушылар өз кітаптарының киносын қабылдай алмайды. Мысалы, Иоанна Хмелевская – «ирониялық детектив» жанрына көп қалам сермейтін польшалық танымал романшы. Тіпті оның кинематографтарға өкпесі қара қазандай болған жазушылар жайлы жазған кітабы да бар. Хмелевскаяның кейіпкерлері өмірден алынған десек, режиссер көрсе, реңі бұзылатын авторлар кімдер? Бірнешеуін атап көрейік...
Эрнест Хемингуэй
1943 жылы дарынды режиссер Сэм Вуд Хемингуэйдің танымал романдарының бірі – «Қоңырау кім үшін соғылады» («По ком звонит колокол») шығармасын экранға шығарды. Түсірілім туындыны тұтастай қайталағанымен, ұлы жазушының көңілінен шықпады. Хемингуэй туған жері Арканзаседе фильмнің сатылымға шыққанын қаламаса да, фильм көрерменге жол тартты. Жазушыға жалғыз ұнағаны – фильмде Марияның рөлін ойнаған Ингрид Бергман.
Станислав Лем
Режиссер Андрей Тарковский мен польшалық танымал фантаст жазушы Станислав Лем арасындағы келіспеушілік «Солярис» фильмі түсірілместен бұрын басталған. Жазушы жарты ай Мәскеуде болып, режиссермен фильмнің құрылымы туралы ақылдасып, жұмыс басталмастан кетіп қалған. Түсірілген материалды фантастик шебері аса өткір сынға алған: «Тарковский өз фильмінде ғарыштың өте жиіркенішті, жағымсыз екенін, жердің керемет екенін көрсеткісі келген. Ал мен керісінше ойладым һәм ойлағанымдай жаздым». Тарковскийдің «Солярисіне» Лемнің ешқандай қатысы жоқ, толығымен өз туындысы». Жазушының пікірі осы.
Энтони Берджес
Әйгілі ағылшын жазушысы, Стэнли Кубриктің «Бұрандалы апельсин» («Заводный апельсин») фильміне, жұмсартып айтқанда, онша қуана қоймады. Жанжалдың басты себебі – картинаның соңы. Кубрик жай ғана, қарапайым түрде кітаптың шешімін елемей қойғаны шығарма авторын қуанта алмады. Берджестің көзқарасы бойынша Кубриктің фильмі әлі күнге дейін киноны әдебиеттен гөрі «сүйкімдірек» етіп көрсеткісі келген деседі.
Ж. Жұмағұлов