Бір күнде туған үш үлек. 28 қыркүйек - Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза, Оралхан Бөкей - үш бірдей ұлы қаламгердің туған күні.
Үшеуінің әрбірі көкте күнмен тілдескен әдебиеттің ұшар биік шың-құздары. Қазақтың әр буын ұрпағының қиялын әуелетіп, көңілін тербетіп, ойын тереңдетіп, өрісін кеңейткен ұлы туындылардың авторлары. Олардың шығармалары - бүгіннің, болашақтың, келер мыңжылдықтардың да ой бесігін тербетіп мәңгілік қала бермек.
Бірер жыл бұрын Massaget.kz сайты ұлт зиялыларының өмірінен сыр шертетін ең қызықты деректерді топтастырған болатын. Бүгін сол видеоматериалдарды қайта ұсынсақ артық болмас.