Болашағыңыз бүгін еткен еңбегіңізге байланысты – Ганди

Болашағыңыз бүгін еткен еңбегіңізге байланысты – Ганди
Фото: vk.com

Осыдан 148 жыл бұрын (1869-1948) Үндістан ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі, идеологы Мохандас Карамчанд Ганди (Махатма Ганди) дүниеге келді. Махатма Ганди – «ұлы жан» – Үндістанның тәуелсіздігі үшін күрескен және оны бейбіт жолмен азат еткен, тарихқа «үнді ұлтының әкесі» ретінде енген тұлға. Ұлы адамдардан ұлы сөздер ғана қалады. ендеше, Гандидің қанатты сөздерін оқи отырыңыздар.

 ***

Адамды кешіре біліңіздер. Кешірім ол тек мықтыларға лайықты,
тек әлсіздер мен ақымақтар кешірімнің не екенін білмейді.

***

Сіздің болашағыңыз бүгін істейтін еңбегіңізге байланысты. 

***

Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса. 

***

Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерістің алғашқысы өзің бол. 

***

Адам – өз ойының жемісі. Не ойласаң, сол болады. 

***

Өзіңді табудың ең оңай жолы – өзгелерге құлақ аспау. 

***

Өмірдегі ең жақын адамдар – мерзімдік уақыты бітпейтін тауар сияқты, әрқашан сенің қасыңда. Сондықтан тауарды таңдағанда баға емес, сапаға көп мән берген дұрыс. 

***

Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту үшін алдымен батылдық керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат іздейді, қалайша махаббатты қорғайды?

Ж. Жұмағұлов