Ганди мен Черчилль

Ганди мен Черчилль

Ганди Черчилльге "Сіз менімен әңгімелесіз бе немесе менің киіміммен бе?" - депті бір жолы. Үндістан саясаткері халық тұрмысының айнасы екенін көрсетіп, Англияға ресми іссапарға жұпыны киіммен барған.

* * * *

Сол уақыттарда Үндістанда байлардың қатары аз емес болғанмен, негізінен ел кедейлікте тұрып жатқан-ды. Ал Ганди болса, қарапайым адамдар секілді тұрмысын қайырымдылыққа құрған жан еді. Үстіңгі киімі бөз матадан тігілсе, аяқ киімі кәдімгі сандал болатын. Сыртқы пошымына қарап, бүкіл Үндістанның тұрмысы көз алдыңызда көлбең қағатындай.

Бір жолы Англияның премьер-министрі мәртебелі Черчилль мырзадан шақырту алып барғанымен, ағылшын ақсүйегі қабылдамай қойған: "Мен Сізбен әңгімелесе алмаймын. Тиісті этикетті сақтауыңыз тиіс". Сонда Ганди не айтты дейсіз ғой, ол былай депті: "Сіз Англияны таныстырасыз және Англияның экономикалық әл-ауқатын көрсетесіз. Сондықтан, сіз осылай киіне аласыз және бұл тұста проблемаңыз жоқ. Бірақ, мен Үндістанның атынан келдім, Үндістанды таныстыруым қажет. Сондықтан, Үндістанның барша халқы қалай киінсе, мен де солай киінуім керек, Иә, сол елдің экономикалық әл-ауқатына сәйкес киім киемін. Үндістандықтар бұдан артық өздеріне мүмкіндік сыйлай алмайды, сол үшін де менің де артық мүмкіндікте киінуіме жол жоқ". Алайда, Англияның премьер-министірі қарсылық көрсетіпті: "Егер сіз талап бойынша киініп келмейтін болсаңыз, онда мен Сізді қабылдай алмаймын". 

Нәтижесінде бір іссапар үшін Англияға барған Ганди туған еліне қайта оралған. Ешбір әңгіме-дүкен орын алмастан, Үндістанға жол тартыпты. Гандидың бұл қылығы сол күні-ақ Үндістанның толқынысын тудырады. Халқы мақтан тұта бастайды. Ал ағылшынның ұстанымы бүкіл жұрттың наразылығына ілігіп, ақыры ағылшын ақсүйегі Гандиді қайта шақыруға мәжбүр болып, өткен жолғы қайтарып тастаған жұпыны киімімен қабыл алыпты.

Ганди Англияның премьер-министрі Черчилльге қойған алғашқы сұрағында: "Сіз менімен әңгімелесіз бе немесе менің киіміммен бе?" - деген. Ағылшын үнсіз қалған соң, Ганди қайтара тіл қатыпты: "Сіз мән-мағынасы жоқ болмашы нәрселерге де мән бере береді екенсіз. Шүбәсіз, Сіз  - бай адамсыз, Сіз - мемлекеттің және қоғамның танымал қоғам қайраткерісіз, бірақ, Сіз өмірдің шынайы мағынасы неден тұратынын білмейсіз". 

Оксфорд университетінің құрметті ректоры сол тұста мынадай ой түйіп, жазып қалдырған екен: " Ганди - өте қауіпті адам. Ол өте кедей, түкке алғысыз көрінгенмен, алайда, мына бір кішкентай денеде керемет, өте мықты жан отыр. Егер оны жеті тордың ар жағына қамап қойып, зорлықтың небір түрімен қысым жасасақ та, бәрібір де ол өз ұстанымынан айнымайды және ары қарай үнемі ұстанып жүре беретін болады. Біз оның денесін жеңе алармыз, бірақ, оның жанын жеңе алмақ емеспіз".

сурет:esquire.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига