- Негізгі бет
- Көкжиек
- Әдеби диалог ...
Әдеби диалог
Фото:
massaget.kz
Сырласқымыз, әңгімелескіміз келген кезде досымызды яки жақынымызды іздейміз. Әдебиет сүйер жандардың әңгімесі қашанда бөлек болатыны сөзсіз. Олардың өз әлемі бар. Егер сіз досыңыздың қаншалықты оқығандығын білгіңіз келсе, онымен әдеби диалог жасаңыз. Мәселен, мына бір диалог сізге ерекше әсер етіп қана қоймай, еріксіз өзіңізді қамшылауға итермелейді деген ойдамыз құрметті оқырман! Ендеше, іске сәт!
Əдеби диалог
– Туылған жылың?
– Ол кезде қандай заман еді?
– "Қилы заман"
– Мұнда қай жолмен келдің?
– Қалай келдің?
– "Тар жол тайғақ кешіп"
– Жолда кімдерді көрдің?
– "Айман мен Шолпан"
– Тағы кімді көрдің?
– "Қамар сұлу"
– Көргенде қандай күйде болдың?
– Қандай оқиғаға тап болдың?
– "Қараш-қараш оқиғасы"
– Көршің кім?
– Ол басынан қандай күн өткізді?
– Сүйіктіңнің есімі кім?
– "Ботагөз"
– Ол кім?
– "Күйші"
– Ол қазір не істеп жүр?
– "Интернатта оқып жүр"
– Алғаш танысқан мезгілің?
– Оңаша қалғанда оған не айтып бересің?
– "Қырық мысал"
– Үйленген кезіңде не бердің?
– "Қалың мал"
– Оған хаттарыңды қай кезде жазушы едің?
– "Аққулар ұйықтағанда"
– Сен қандай азаматсың?
– "Оқыған азамат"
– Мойныңдағы не?
– Ал мына жеріңді не шаққан?
– "Маса"
– Өмірлік ұраның?
– "Ғылым таппай мақтанба"
–Болашақта кім болғың келеді?
– "Миллионер"
– Мына балаларға не айтасың?
– "Кел, балалар, оқылық"
– Танысып қоялық, есімің кім?