Кітапты кинодан артық десек...

Кітапты кинодан артық десек...

Кітап туралы сіз не білесіз? Кітап туралы біз не білеміз? Бүгін біз сіздерге кітаптардың пайдасы туралы азды-кемді тіркестерді ұсынғанды жөн көріп отырмыз.

Жақсы жазатын қаламгердің шығармасы оқылып қана қалмайды, одан қалса, сізді жақсы сөйлеуге үйретеді.

* * * *

Мәдениет оқылған кітаптардың санынан емес, түйген ой-түсініктердің жиынтығынан көрінеді. 

* * * *

Кітап оқыған жандар теледидар көретіндердің төбесінен қарап отырмақ...

* * * *

Кітапты көп оқыған сайын соғұрлым еліктеу де азая түседі.

* * * *

Кітапты кинодан артық десек, ең алдымен шексіз қиялдың сансыз бояулары ойға оралады.

* * * *

Адамдардың қатары екіге бөлінеді: кітап оқитындар мен кітап оқитындарды тыңдайтындар.

* * * *

Тиыннан теңге құралғандай оқылған әр кітаптан білім жиналады.

* * * *

Ми үшін кітап оқу - бұл да денеге жасалған физикалық жаттығу секілді.

* * * *

Ақылды болуға 10 кітап оқылса жеткілікті, бірақ, сол 10 кітапты оқу үшін мың кітапты тауысу керек.

* * * *

Кітаптарға сену керек! Олардан артық жақынды таппассың. Олар керек сәтте үнсіз де қала алады, сөйлей де алады...

сурет:wday.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига