Кітап өткен шақты сақтаса, кітапхана болашақты құрады

Шынында да кітап дейтін ғажайып әлем өткен шақты сақтайды. Кітап – бізді тілдесу мүмкін емес адамдармен тілдестіретін жақсы құрал. Ал, кітапхана – кітаптар мекені. Соңғы уақытта кітап туралы жарнамалық роликтердің көптеп шығуы қуантады. В.В.Маяковский атындағы қалалық кітапхана (Санкт-Петербург) қызметкерлері кітап пен кітапхана туралы тамаша видеоролик дайындаған екен. Сіздерге де ұсынуды жөн көрдік.