Махаббат келсе әйел ақылды, еркек ақымақ бола бастайды

Эрих Мария Ремарк – XX ғасырдағы неміс халқының аса көрнекті жазушысы. «Триумфалды арка», «Өмір ұшқыны», «Үш жолдас», «Оралу», «Гэм» сияқты әйгілі романдардың авторы. Жазушы адам жанының инженері екені даусыз. Олай болса біз бүгін сіздерге оның адам туралы ойларын, дәйексөздерін ұсынамыз. 

Ақымақ боп туу – масқаралық емес, масқаралықтың көкесі – ақымақ боп өлу. 

Адамға ақыл бір ғана құр ақылмен өмір сүруге болмайтынын түсіну үшін берілген. 

Адам жеңілмеген кезде ғана өз тағдырынан мықты.

Бәрі де өтеді – бұл өмірдің ең қарапайым шындығы. 

Кім өткен шағына жиі қарай беретін болса, сол оңай сүрінуі мүмкін. 

Махаббат түсіндіруді қажет етпейді, оған тек әрекет керек. 

Кім өмір сүруге тұрарлық нәрсеге өзінде бардың бәрін жұмсаса, сол – тәуелсіз. 

Махаббат келсе әйел ақылды, еркек ақымақ бола бастайды.

Әйелдерге ештеңені түсіндірудің керегі шамалы, оларға әсер ете білу керек. 

Адам қаншалықты жабайыланса, соншалықты өзі туралы жоғары пікірде болады. 

Жақсы көрмеген сәтте жалғыздық жақсы.