Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен қызмет жолы

Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен қызмет жолы
Фото: lacceit.ucoz.ru

- 1944 -

15 қаңтар – Алматы облысының Кеген ауылында дүниеге келген.

- 1962 -

Кеген ауылында мектеп бітіріп, Қазақ политехникалық институты инженерлік-құрылыс факультетіне оқуға түсті.

- 1967 -

Институтты қызыл дипломмен бітіріп, жолдамамен Алматы қаласында қалдырылды. Құрылыста қызмет жолын қатардағы шеберден бастап, СМУ бастығы қызметіне дейін көтерілді.

- 1973 -

Алматы облыстық партия комитетінің құрылыс бөліміне нұсқаушылық қызметке қабылданды. Сосын Алматы қалалық партия комитеті құрылыс бөлімінің меңгерушісі болады.

- 70-жылдардың екінші жартысы -

Алматы қалалық кеңесі төрағасының құрылыс жөніндегі орынбасары.

- 80-жылдардың басы- 

«Қазселденқорғау» мекемесінің басшысы.

- 1985 -

Қараша айында Алматы қалалық атқару комитетінің төрағалығына сайланды.

- 1990 -

Алматы қаласының басшысы ретінде ХІІ шақырылған Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланады.

- 1991 -

Алматы қалалық Кеңесінің төрағасы, бір мезгілде Алматы қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы.

- 1992 -

Алматы қалалық әкімшілігінің басшысы.

- 1994 -

20 маусымда Алматы қаласы әкімінің қызметінен босатылды.

- 1995 -

Желтоқсан айында ҚР Парламентінің депутаттығына сайланды.

- 1997 -

Алматы облысының қызметіне тағайындалды.

- 2001 -

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағалығына тағайындалды.

- 2004 -

11 наурызда сенсациялық баспасөз-мәслихатын өткізіп, қызметінен кетті.

- 2005 -

12 қарашада үш жерінен оқ тиген Заманбек Нұрқаділовтің өлі денесі үйінен табылды.

Ж. Исакаев