Оралда байығысы келетін адамдар үшін тегін кітапхана ашылды

Орал қаласында елімізде мүлде жоқ ерекше кітапхана ашылды. Бұл жақтан тек қана бір тақырып төңірегіндегі кітаптарды оқуға болады. Бір тақырып деп отырғанымыз – баю, жақсы тұрмыс кешу тақырыбы. Бұл туралы uralsk.info сайты жазып отыр.

Ерекше кітапхананың иесі – жергілікті кәсіпкер Қалу Тоқтаболатов.

Тағы бір қызығы – бұл кітапханаға кіріп, рухани байып шығу үшін бір тиын да төлемейсіз. Қалу ағаның айтуынша, бұл оның сүйікті ісі екен. Оның үстіне жастарды оқуға осылай баулығысы да келетінін жасырмайды. 

Оқырман залы – Қалу ағаның үш бөлмелі пәтері. Оқырмандар кәдімгі кітапхананың ережесіне сай, қалаған кітабын үйіне әкетіп оқи да алады.  

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова 

Сурет: baiolke.com