Әуезовтың кейіпкеріне ескерткіш қойылмақ

Шығыс Қазақстан облысы Семей аумағының Күшікбай асуындағы ауданда Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні» шығармасының бас кейіпкеріне арналған ескерткіш орнатылмақ, деп хабарлайды YK-news.kz порталы.

Бұл әңгіме Мұхтар Әуезовтың шығармашылығының беташары саналады. Туындыдағы Ғазиза есімді кейіпкер байдың аяусыз зәбірінен көз жұмады. Ұзақ уақыт бойы қыз денесінің қайда қалғандығы белгісіз болып келген. Ол тек 2012 жылы ғана белгілі болды. Ғазиза белгілі қазақ батырының көз жұмған жері саналатын Күшікбай асуында о дүниелік болған.

«Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, танымал ғалым Ғарифолла Есім Семейде іссапарда болған кезінде Ғазиза қыздың ескерткішін дәл өзі қаза болған жерінде тұрғызу туралы бастаманы көтеріп кетіп еді. Қалалық әкімшілік те бұл істі қолдайтындығын білдірді. Қазір суретшілер ескерткіштің алғашқы үлгілерін жасап жатыр», - делінген Семей әкімінің сайтында.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: kazakh.ru