Мені алдап көр

Адамның өтірігіне алданған сәттеріңіз болды ма? Өтірігі шыққаннан кейін, оған қалай ғана сендім деп таң қалып, бармақ тістейсіз бе? 

Өтірікшіні құрықтаудың 10 жолы туралы толық жазған едік. Бүгін адамның өтірік айтып не айтпай тұрғанын көз арқылы қалай білуге болатыны туралы әңгімелесеміз.

Бәрін білгіш статистиканың мәлімдеуінше, ортастатистикалық адам 10 минуттық әңгімеде 3 рет өтірік айтады екен. Әрине, оның жақсы мақсатта істеуі де әбден мүмкін. Алайда, адамдар көбіне еш себепсіз өтірік айтқанын тіпті байқамай да қалады екен. Нейролингвист психологтарының айтуы бойынша, адамның өтірік айтып тұрған-тұрмағанын оның мимикасы мен көзіне қарап тапса болады. 

Егер адам өтірігін саналы түрде айтып, сізді алдағысы келсе, көзіңізге тік қарап сөйлейді. Сіздің өтірікке сенген-сенбегеніңізді көргісі келеді. Ал егер ыңғайсыз сұрақпен абайсызда үстінен түссеңіз, ол өтірігін тез айтып, оның ұмытылып қалуын қалайды. Сондықтан ол сіздің назарыңызды басқа нәрсеге аударғысы келіп, басқа бөлмеге кетіп қалады, не қолына қағаздар алып қарай бастайды, заттарды ақтарып, бірдеңені іздегендей болады. 

Өтірікшінің бет пердесін шеше алғыңыз келсе, мына кеңестерді есте сақтап жүріңіз.

Өтірік соққанда адам мойынын ұстағысы келіп, қайта-қайта не галстугын түзеп, не мойнындағы моншақтарын ұстайды екен. Бұның сыры мынада. Адам өзі өтірік айтқысы келмей, өзі-өзін қылқындырып тұрғандай болады. Сөйлесіп отырған кісі өз-өзін қолымен ұстап, сипалап отыр ма? Бұл оның ерекше әдеттерінің бірі емес. Қайта ол  сізді алдап, осылайша өзін тыныштандырып отырған болар.  Қол алысып қоштасқанда  досыңыздың қолы суық екенін байқасаңыз, біліңіз, бұл адам сізден бірдеңе жасырып, не өтірік айтып отыр. Қолының суық болуы - қорыққандықтан. Бірақ ол қан айналу жүйесінде қиындықтары бар кісі болып қалуы да мүмкін.  Тағы өтіріктің белгісі - әңгіме айтушының айтып жатқан оқиғасын нақтылап, әр тетігіне дейін айтуы. Яғни ол өтірігі жайлы ойланып, сізді көндіргісі келіп, еш жайтты жібермеуге тырысады.  Айтылған әңгімеге күмәнданып отырсаңыз, досыңыздан тура сол әңгімені, бірақ кері қарай айтып беруін сұраңыз. Өтірік айтқан адам мұны істей алмайды, себебі бір айтылған нәрсені есте бірден сақтау қиын. Адамның көздерінің жыпылықтағанына назар аударыңыз. Өтірік айту қандай адамға да стресс болғандықтан, ол уайымдап, көзін жыпылықтата береді.   Адамға сұрақ қойып, жауап бергенде оның көзіне назар аударыңыз. Көзін шетке апарғаны - ойланып есіне түсіргісі келгенінің белгісі. Алайда, бұл жерде көздерін қай жаққа апарғаны маңызды. Мына келтірілген суреттерге қарап,  адам көздерінің не айта алатынын есте сақтаңыз. Жоғары оң жаққа. Шын болған оқиғаны бейнелер мен кескіндерді еске алу арқылы есіне түсіргісі келіп тұр.  Жоғары сол жаққа. Қиялдап, жалған нәрсені ойлап тапқысы келіп тұр. Тура оң жаққа. Дауыстық қабылдау. Адам не естігенін еске алып, айтқысы келіп тұр.
Тура сол жаққа. Не айтарын ойланып тұр. Шындық болып естілетіндей сөздерді іздеуде.
Төмен оң жаққа. Өзі сенімді нәрселерді ғана айтып тұр. 
Төмен сол жаққа. Шын түйсіктер мен иіс, дәм сияқты сезімдерді есіне түсіріп тұр.
Тура. Сізді мұқият тыңдап, ақпаратты дұрыс қабылдап тұр.

Сурет: mrhow.ru, vkontakte.ru.