Marvel компаниясы «Өрмекші адамды» тегін иеленді

Marvel компаниясы «Өрмекші адамды» тегін иеленді

Marvel студиясы «Алғашқы кек алушы 3: Азамат соғысы» фильмі және басқа да киножобаларда Өрмекші адамды пайдалануға құқылы болды. Санымен қатар Marvel серіктесі Sony Pictures компаниясына еш қаражат төлемейді, - деп хабарлайды Variety басылымы.

Супербатырдың образынан түсетін табысты Sony Pictures компаниясы иеленеді. Сондай-ақ Марвелдің басшысы Кевин Фейдж «Өрмекші адам» жайлы фильмдерге продюсерлікті тегін атқаратыны белгілі болды.

Sony Pictures көрерменге жас Питер Паркерді табыстырмақ ойы бар. Ол жоғары сынып оқушысы кезінде жана күш-қуат пен мүмкіндікке ие болады.

Бұл серіктестік жайлы хабар 10 ақпанда белгілі болды. Фильмнің премьерасы 2017 жылдың 28 шілдесіне белгіленген. Sony Pictures компаниясы «Өрмекші адамның» хикаясы аяқталмағанын айта отыра, «Қаһарлы алтылық/ The Sinister Six» фильміне қатысатынын хабарлады. Оны 2016 жылдың қараша айына бекіткен болатын. Алайда, соңғы жаңалықтарға сәйкес, премьера аталған мерзімнен кешірек болуы мүмкін.

Ал Марвел студиясы өз кезегінде жаңа серіктесіне қорындағы кейіпкерлерді пайдалануға мүмкіндік беруі ықтимал.

Сурет: theladbible.com, marvelheroes.com

Оқи отырыңыз:

Кинодағы айдаһар бейнесі қалай жасалады? (Видео)

"Жұлдыздар шайқасы: күштің серпілісі" фильмінің премьерасы кейінге қалдырылады

"Саған өмірлік қиындықтарды жеңудің сырын ашып берейін бе?"

"Галактика сақшылары" қазақ тілінде 

Ф. Абилова