- Негізгі бет
- Кино
- "Махаббатым жүрегімде" телехикаясы...
"Махаббатым жүрегімде" телехикаясы 6 қарашада басталады
"Махаббатым жүрегімде" телехикаясы 12 сериялы фильм мелодрама жанрында түсірілді. Бұл туынды тек жастар емес, ересектер қауымына да қызықты болары сөзсіз. Себебі сюжет желісі екі жастың екі түрлі қоғам өкілдері болғандықтан, ата-аналарының араға түсулеріне құрылады. Басты рөлдерде Тәуекел Мүсілім мен Гүлназ Жоланова. Тәуекел – еліміздің телеарналарының бірінде жүргізуші, жарнамаларға жиі түсіп тұратын модель. Негізі, кәсібі бойынша Тәуекел көлік жасаудың инженер-механигі. Гүлназ – «Қазақ аруы» сайысының жеңімпазы, студент, Маңғыстаудың тумасы.
"Махаббатым жүрегімде" телехикаясын 6 қарашадан бастап дүйсенбі−бейсенбі аралығында "Хабар" телеарнасынан кешкі сағат 21.30-да көре аласыздар.
Жуырда "Махаббатым жүрегімде" телесериалы шығады!
Голливуд актері Кристиан Бэйл Стив Джобсты сомдайды
Сурет: youtube.com
Ф. Абилова