Голливуд актері Кристиан Бэйл Стив Джобсты сомдайды

Голливуд актері Кристиан Бэйл Стив Джобсты сомдайды

Белгілі актер Кристиан Бейл Apple компаниясының негізін салушы туралы жаңа фильмде Стив Джобсты сомдайтын болады. Бұл туралы әзірге түсірілімі басталмаған жаңа кинокартинаның сценарий авторы Аарон Соркин хабарлады. Белгілі сценарист Нью-Йорк қаласындағы Bloomberg Television арнасына берген сұқбатында ресми емес болған ақпаратты растайтынын білдірді.

«Бізге орта жас шамасындағы кәсіби актер керек болды және оған Крис Бейл шамалас келді», - дейді Соркин.

Кристиан Бейл белгісіз жаңа фильмдегі Джобстың рөлін сомдауға үміткерлердің бірі болатын. Оған дейін аталған рөлді Мэтт Дэймон («Борн ультиматумы»), Бен Аффлек («Арго операциясы»), Брэдли Купер («Үздік афера») және Леонардо Ди Каприо («Ұлы Гэтсби») секілді актерлер алуы мүмкін болған.

Ал Бейлдің өзі «Престиж» және «Эквилибриум» атты кинокартиналарынан белгілі. Ааронның бұл хабарламасынан кейін біршама киносыншылар Бейлді аталған рөлге лайық емес екенін қайталап айтқанымен, қарсы еш пікір табылмады. Демек, Кристиан Бейл фильмнің авторларына ұнаған болуы керек.

Сурет: kino.myvi.ru

Ж. Өрісбай