- Негізгі бет
- Кино
- Ли Мин Хо...
Ли Мин Хо Сюзиге сезімін білдірді
"Жігіттің сабаздары", "Қала тыңшысы" ("Boys over flowers", "City hunter") дорамалары арқылы қазақ көрермендеріне жақсы таныс Ли Мин Хоның көп арудың жүрегін жаулағаны рас. Көптен бері графигінің тығыздығынан жеке өміріне өзгеріс енгізбеген ол осы жылдың 25 ақпанынан бастап оңтүстік кореялық Miss A тобындағы Сюзимен кездесе бастаған. Бұл жаңалық актердің жанкүйерлерін дүр сілкіндірді.
Жұп Сеул мен Лондонда кездесіп жүрген кездерінде камераға ілігіп қалған. Кейінірек екеуі де қыз бен жігіт ретінде кездесіп жүргендерін мойындаған. Бұл туралы Оңтүстік Корея басылымдары жарыса жазып жатыр.
Ли Мин Хоның таныстарының айтуынша, актер Сюзиді алғаш рет қаңтар айының аяғында кездесуге шақырған. "Ол үнемі өзіне ашық, сүйкімді қыздар ұнайтынын айтатын. Сюзи оның көңілінен жақсы шығады. Алғашқы кездесуден-ақ олар бір-біріне қатты бауыр басып кетті. Олардың бос уақыттары өте аз. Соған қарамастан, кездесіп, уақыттарын бірге өткізуге тырысады", - деп сұхбат берген олар.
Ал 30 наурыз күні өткен miss A тобының "Colors" атты жетінші мини-альбомының таныстырылымында Сюзи алғаш рет жігіті жайлы сұраққа жауап берді. "Оның өте жылы әрі қамқор адам екенін түсінгеннен кейін оған деген қызығушылығым арта түсті. Біз бос уақытымызда кездесуді жалғастыратын боламыз", - деді әнші.
Кеше, яғни 2 сәуірде Гонконгта өткен Innisfree брендінің кешінде Ли Мин Хо ұйымдастырушыларға тек өнімге қатысты сұрақтарды іріктетіп, жеке өміріне қатысты сұрақтарды жауапсыз қалдыруды құп көрген.
Ұқсас жазба:
Ли Мин Хо: "Оны көргенде жүрегім дүрсілдеп кетуі керек"
Сурет: showasia.ru
М. Оңғарова