- Негізгі бет
- Кино
- «Күлуге мәжбүр адам»...
«Күлуге мәжбүр адам» жеңіске жетті
Өмір бойы күліп жүруге мәжбүр болған адам туралы фильм кинематографистер байқауында үздік деп танылды.
Америкалық актер әрі продюсер Кевин Спейси («Красота по-американски», «Семь») Jameson жас кинематографистері байқауының жеңімпазын жариялау үшін Мәскеуге барған. Атақты актер мен қазылар алқасының таңдауы жас режисер Антон Ланшаковқа түскен. Оның жазып шыққан сценариін сол фильмде басты рөлді ойнап шыққан Уиллем Дефо үздік деп баға беріпті.
Хронометражға (фильм бар болғаны 8 минутқа созылады) қарамастан, «Күлуге мәжбүр адам» фильмі – басты рөлін әлемдік деңгейдегі актер сомдаған шын мәніндегі Голливуд фильмі. Фильмді көріп шығуды ұсынамыз:
«Бізге түсірілім жұмыстарына тек екі-ақ күн берілді. Бар болғаны екі апта ғана дайындық жұмысы және әртүрлі жерде түсірілуі керек 6 қойылым болды. Осы уақытта біз үздіксіз жұмыс жасадық және түсірілім алаңында бос уақытымыз тіптен болмады десек те болар», - дейді Антон Ланшаков.
Кевин Спейси болса дарынды адамдардың құлшынысына демеу жауап болғанын қалағанын және Антонның сценариі қызықты болғандықтан оған мүмкіндік бергісі келгенін айтыпты. Jameson First Shot кинобәйгесінің жеңімпазы «Конверт» қысқаметражды фильмі болған екен. Бір қызығы, онда да Кевин Спейси басты рөлді сомдаған. Фильмді режисер Алексей Нужный Евгений Петров жайлы жантүршігерлік оқиғаның желісінде түсіріпті.
Биыл байқауға Африкадан, АҚШ-тан және Ресейден жүздеген сценарийлер келіп түскен. Байқау шарты бойынша әр елдің өз жеңімпазы анықталып, картина Голливудта атақты актерлердің қатысуымен түсірілетін болады. Ақтық сынға шыққан фильмдердің басты рөлдерін биыл Уиллем Дефо сомдады.
Jameson First Shot – 2011 жылы құралған ирландиялық Jameson виски шарабын өндіруші компаниясы мен әлемге аты жайылған Кевин Спейсидің біріккен жобасы.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: mirfest.ru
А. Құлтай