- Негізгі бет
- Кино
- Көрермен көзайымына айналған...
Көрермен көзайымына айналған әртістер
"Келін» телехикаясы соңғы 6 жылдың ішінде ерекше танымалдылыққа ие болуда. 2008 жылдан бастап түсірілген бұл фильм өз елінде ғана емес, шетелде де көрсетіліп жүр.
Режиссерлер осы күнге дейін 20 минутқа созылатын 1 600 эпизод түсіріп үлгерген. «Ең үздік драмалық телехикая», «Ең үздік драмалық актриса» (2008), «Ең үздік сценарий» сынды 20-дан астам телевизиялық марапатқа ие болған.
Аталған телехикаяның табысқа жетуінің құпиясы өте қарапайым. Фильмде үнді көрермендері көруге дағдыланған «ерекше бояулар» бар. Олар төмендегідей:
♦ декорация;
♦ философиялық мағынасы бар диалогтар мен монологтар;
♦ әзіл-қалжың;
♦ басты рөлді мейірімді кейіпкердің сомдауы;
♦ өлең, би, музыка;
♦ дамып үлгермеген мемлекеттер үшін қиын мәселеге айналған неке тақырыбы.
«Келін» телехикаясы Қазақстанда екі жылдан бері көрсетіліп келеді. Осы уақыт аралығында көрермендер көзайымына айналып үлгерді. Әр актері өзіндік қырымен танылып, елімізге шақырту алуда.
Авика Гор (30.06.1997) – үндістандық жас актриса. Авиканың отбасында өнерлі адамдар жоқ. Ата-анасы қаржыландыру және сақтандыру агенттіктерінде жұмыс істейді.
Авика Анандидің рөлін сомдау арқылы бойындағы талантын жұртшылыққа паш етті. Осы талабының арқасында «Ең үздік әйел рөлі», «Ең үздік бала рөлі» сынды марапаттарды иеленді.
Бүгіндері жас актриса көрермендер көзайымына айналды. Жобадан шығып қалса да, жұрт оны әлі де Ананди ретінде таниды екен. Дәл қазір актриса «Жұлдыздармен билеу» сынды теле бағдарламаларға белсенді түрде қатысып, түрлі хикаяға түсіп жүр. Оның соңғы жұмыстарының бірі - “Sasural Simar Ka”. Аталған телехикаяда актриса жаңа қырынан танылады.
Авиканың арманы - сұлулық сайыстарында бақ сынап, сәнбике болу.
Пратюша Банерджи (10.08.1991) үшін де Анандидің рөлі - мансап жолындағы үздік бастамалардың бірі. Ол түсірілім аяқталған соң «Kitchen Champion4», «Жұлдыздармен билеу» (5 маусым), «Big Boss 7» сынды шоуларға қатысқан. Мұнымен қатар, бимен, сәнбике бизнесімен айналысқан.
Тораль Распутра (26.12.1987) – кәсіби модель, актриса. Колледжді тәмамдаған соң өнер саласында білім алған. Торальдың мансап жолы «Amul», «Shoppers Stop» сынды бренд жарнамаларына түсуден басталған. 2007 жылы алғаш рет «Risshton Ki Dor» телехикаясына түседі. «Dhoom Machaao Dhoom» комедиялық драмасында Прянка рөлін сомдаған соң таныла бастайды. Артынша 2013 жылы бірнеше телехикаяда рөл сомдайды.
Тораль Анандиден шынайы өмірде ұстамдылығымен, биязылығымен ерекшеленеді.
Авинаш Мукерджи (01.08.1997) – дәстүрлі бенгалдық отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Дев Мукерджи телевидениеде жұмыс істеп, уақыт өте келе бірнеше телехикаяға қатар түскен.
Авинаштың телевидение саласында актер болу арманы Мумбайға көшіп барған соң орындалады. Бала мектепте оқып жүріп жарнама роликтеріне түсу мүмкіндігіне ие болады.
Авинаш өзінің алғашқы телехикаясында мұсылман баланың рөлін сомдайды. Осы тұста Фархан есімді баланың рөлін сомдау үшін көп еңбектенуіне тура келеді. Алайда Жагдишияның рөлін сомдағаны үшін «Жаңа талант» марапатына ие болады. Авинаш осы рөлге 12 үміткердің бірі болған екен. Дәл қазір «Sanskar Dharohar Apno Ki» сынды телехикаяларда жағымсыз рөл сомдап жатыр.
Шашанк Вьяс (30.11.1986) – фильмде Авинаш Мукерджиді алмастырушы актер. Шашанк үшін бұл рөлдің маңызы зор. Өйткені ол бұрын-соңды басты рөлдерде бағын сынап көрмеген. Бұдан өзге «Tees Maar Khan» атты үнді фильміне түседі. Өмірде Шакрукх Кханның табынушысы.
Сурет: rudaki.ru
Оқи отырыңыз:
"Келін" телехикаясының шығу тарихы қандай?
"Келін" телехикаясының жұлдызы Қазақстанға келеді
"Келін" телехикаясының жұлдызы Қазақстанға қандай мақсатпен келеді?
Әншілер фильмдегі рөлді алып шыға ала ма?
Қ. Бүйенбай