- Негізгі бет
- Кино
- Кейінгі 10 жылда...
Кейінгі 10 жылда Қазақстан "Оскарға" қандай фильмдер ұсынды?
Қазақстан 2021 жылы Әділхан Ержанов түсірген "Сары мысық" фильмін "Шетелдік үздік фильм" номинациясы бойынша "Оскарға" ұсынғаны белгілі болды. Осы номинация бойынша биыл 93 елден өтінімдер келіп түскен. Бұл марапат тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Назарыңызға кейінгі он жылда "Оскар" жүлдесіне ұсынылған қазақстандық фильмдерді ұсынамыз. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Дана Әмірбек: "Коронавирус "Оскардың" өнер киносына мән беруіне ықпал етті"
Бір жыл бұрын жүлдеге режиссер Марина Құнарова мен продюсер Ернар Мәліков түсірген "Ұлы дала зары" фильмі жіберілген болатын.
"Ұлы дала зары" – 1920-1930 жылдардағы Голодомор кезінде ел халқының 70 пайыздан астамы аштықтан (8,5 миллионға жуық адам) қырылған Қазақстан халқының басынан өткен нақты тарихи оқиғаларға негізделген фильм. Картина шорт-листке енген жоқ.
2019 жылы жергілікті ұйымдастыру комитеті Қазақстан Президентінің өмірі туралы фильмдерімен танымал режиссер Рүстем Әбдірашов түсірген "Қазақ хандығы. Алтын тақ" тарихи трилогиясының екінші бөлімі бәсекеге лайықты фильм деп санады.
Бірақ кинотунды шорт-листке де енбеді.
2018 жылы бес елдің бірлескен туындысы – Мәскеудегі қырғыз мигрантының өмірі туралы режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмі кинотанушылар назарына ұсынылды.
Халықаралық сыйлық алған 5 қазақстандық
Айта кетейік, фильмдегі рөлі үшін актриса Самал Еслямова Канндағы "үздік актриса" жүлдесін жеңіп алды. "Айка" шорт-листке енді. Алайда, картинаның Қазақстан атынан ұсынылуы Ресей, Германия, Қытай және Польша елдерімен бірлесіп түсіргендіктен көпшілік арасында сұрақтар туғызды.
2017 жылы республика атынан режиссер Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" фильмі ұсынылды. Картинаның сюжеті басты кейіпкерге аман қалуға және үйге қайтар жолдағы қиын сынақтарды жеңуге көмектескен ана махаббатының күші туралы оқиғаға негізделген.
Негізгі оқиғалар қазақ халқы үшін қиын кезең: ұжымдастыру дәуірі, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар аясында өрбиді. Сатаевтың жұмысы шорт-листке енген жоқ.
2016 жылы Қазақстан "Оскар" сыйлығына режиссер Сатыбалды Нарымбетов түсірген "Аманат" фильмін ұсынды.
Тарихи драма ХІХ ғасырдағы Қазақ хандығындағы ең ірі ұлттық көтеріліс деп танылған Кенесары Қасымов бастаған көтеріліс кезеңі туралы ғылыми тұжырымдар жасағап қуғын-сүргінге ұшыраған тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тағдырына арналған.
2015 және 2013 жылдары режиссер Ермек Тұрсыновтың "Жат" және "Шал" фильмдерін "Оскарға" ұсыну туралы шешім қабылданған.
"Жат" картинасы нақты оқиғаларға негізделіп, 1930 жылдары тауға шығып, дәруіш болған Ілияс есімді азаматтың өмірін баяндайды.
Айта кетейік, "Жат" фильмінің сценарийін Тұрсынов 25 жыл бұрын дипломдық жұмысына арнап жазған.
Эрнест Хемингуэйдің "Шал мен теңіз" романы бойынша түсірілген "Шал" фильмі шалғай далада тұратын қария, келін мен немеренің өмірін баяндайды. Басты рөлдегі актер Ерболат Тоғызақов 2013 жылы Қазақстанның ең үздік актері атанды.
Сонымен қатар осы фильмі үшін Киношок кинофестивалінде "Үздік актер" жүлдесін жеңіп алды.
2012 жылдың ең көп табыс әкелген фильмдерінің бірі – режиссер Ақан Сатаев түсірген "Жаужүрек мың бала" сол жылы комитет тарапынан "Оскар" сыйлығына ұсынылды. Фильм қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсылығы туралы баяндайды.
ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысы қазақ тарихында этностың тұтастығы мен тәуелсіздігіне қауіп төнген қиын кезең болды. Фильм кинофестивальде лонг-листтен аса алмады.
Қазақстаннан 2011 жылы Егор Кончаловский мен продюсер Арман Әсеновтың "А-ға оралу" фильмі ұсынылған болатын. "А-ға оралу" фильмінің сюжеті бойынша ресейлік және қазақстандық телевидениенің бір топ жігіті Алматыдан Ауғанстанға "Ескендір Зұлқарнайын жолымен" деректі фильмін түсіру үшін аттанады. Оларды ертіп, күзетуге Ауғанстан жерінде соғысып, аяғынан айырылған бұрынғы интернационалист жауынгер Марат Аюмов шақырылады.
Жұмыс сапары олардың бастапқы мақсатын ұмыттыратын қауіпті шытырман оқиғаға айналады. Олар бір ғажайыптың арқасында ғана аман қалады. Фильм шорт-листке ілінбеді.
Айта кетейік, Қазақстан өз фильмін алғаш рет 1992 жылы "Оскар" сыйлығына ұсынды, бұл Ардақ Әмірқұловтың "Отырар өлімі" картинасы еді. Қазақстандық фильмдер үш рет лонг-листке енді. Олар: 2008 жылы үлкен Сергей Бодровтың "Моңғол", 2009 жылы Ермек Тұрсыновтың "Келін" және Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмдері болды. Қазақстаннан ұсынылған картиналары "Оскар" шорт-листіне екі рет ілінді, бұл Бодровтың "Моңғол" және Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмдері.
Т. Раушанұлы