Халықаралық сыйлық алған 5 қазақстандық

Халықаралық сыйлық алған 5 қазақстандық

Массагет порталы халықаралық сыйлық алған 5 қазақстандық қазіргі өнердегі тұлғалар тізімін ұсынады.

Самал Еслямова

Қазақстандық Самал Еслямова 71-ші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" атты картинасында басты рольді сомдады.

"Үздік актриса" атанған қазақ қызы Самал Еслямова 1984 жылы 1 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында дүниеге келген. Ол өнер жолын 2011 жылы ресейлік ГИТИС театр өнері институтының актерлік факультетінде білім алу арқылы бастаған.

Ол "Айка" атты фильмнен өзге "Жауқазын" (Тюльпан) картинасында ойнаған. Бұл фильм 2008 жылы "Ерекше көзқарас" атты номинация бойынша жеңіске жеткен болатын. 

Еркебұлан Дайыров

Қазақстандық актер Еркебұлан Дайыров Канндағы World Film festival кинофестивалінде "Азияның үздік актері" марапатын жеңіп алды. Отандасымыз бұл марапатты Эльмира Гильманның  "Күнбағыс" фильміндегі рөлі бойынша алды.

Еркебұлан Дайыров 1986 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауданында туған. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.

2006 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.

2013 жылы Қазақстан жастар одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты атанды, 2015 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері болды.

"Бауыржан Момышұлы", "Анаға апарар жол", "Қазақ елі", "Жұлдыздар тоғысқанда", "Тараз", "Алтын орда" секілді бірқатар фильмде ойнаған.

Димаш Құдайберген

Димаш 2017 жылы музыка саласындағы бірнеше марапатты алды, соның ішінде Қытайдағы 24 -ші China Music Awards марапатындағы ең үздік азиялық әнші (Қытайлық Грэмми баламасы болып саналады) және Tencent MTV Music Gala-ның "Азиядағы ең танымал шетелдік әнші" сыйлығын иеленді.

Димаш Құдайберген Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған, «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасын алған, "ABU TV song" халықаралық фестивалінің қатысушысы.

Димаш 6 октава, 8 жартылай тонды қамтитын кең вокалдық диапазонымен танымал. Оның жанкүйерлері бүкіл әлемде бар. Димаштың құрметіне Қытайда бірнеше тауар шығарылды. Жапонияда оның құрметіне алғаш рет әуежай хабарламаларын қазақ тілінде оқыды.

Иманбек Зейкенов

2020 жылдың аяғында музыкант Иманбек Зейкеновтің (Imanbek) Saint JHN орындайтын "Roses" әніне жасаған ремиксі "Грэмми" сыйлығына үміткер атанғанды. Ал биыл 15 наурызда "Roses (Imanbek Remix)" трегі "Best Remixed Recording" номинациясы бойынша музыкант "Грэмми" премиясын жеңіп алды. Иманбек – "Грэмми" алған алғашқы қазақстандық.

Иманбек Зейкенов – Павлодар облысындағы Ақсу қаласында тұратын 20 жастағы музыкант. Осыған дейін теміржол саласында жұмыс істеген. Ремикс жасауды, музыканы YouTube-тегі видеолардан үйренген. 

2019 жылы Иманбек рэпер Saint Jhn-ның Roses деген әнін байқап, оны билеуге ықшамдап ремикс жасаған. Кейін оны әлеуметтік желіге жүктеген. Ремикс өте жылдам қарқынмен таныла бастады. Дүниежүзіндегі біршама чарттарда болды. Ремикс YouTube-те 145 миллионнан аса қаралған. 

Данэлия Төлешова

Данэлия Александровна Төлешова қазақстандық әнші.  "Голос Дети" (Украина), байқауының жеңімпазы. "New Wave Junior 2015" көрермендер сыйлығының лауреаты. Қазақстандық жас әнші әйгілі музыка саласындағы "Болашаққа көзқарас" номинациясы бойынша бірінші халықаралық кәсіби музыкалық "BraVo" сыйлығын жеңіп алды.

Қазақстанның атынан Junior Eurovision 2018 байқауына қатысып, 6-орынды иеленді. Америкалық "The World's Bestruen" (2019) шоуында үздік 8-ге жетті және «Америка таланттарды іздейді» шоуының финалында (2020) өнер көрсетті.

"Stone Cold" әні YouTube-те 70 миллионнан астам қаралған.

Т. Раушанұлы