- Негізгі бет
- Кино
- Жаңа Бондқа Кристофер...
Жаңа Бондқа Кристофер Нолан шақырылды
Кристофер Ноланға бондиананың келесі бөліміне қоюшы-режисер болуға шақырту келген. Бұл туралы The Daily Mail агенттігі хабарлады.
Басылымның айтуынша, Джеймс Бондтың продюсерлері мен кинематографистің арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Фильм продюсерлері Майкл Дж. Уилсон мен Барбара Брокколи жобаны тек ұсынып қана көруде. Ал Ноланның тізімдегі картинасы «Интерстеллар» атты фантастикалық фильм. Онда Мэттью Макконахи, Джесика Честейн, Майкл Кейн және Энн Хэтэуэй секілді танымал актерлер рөл сомдайды.
Британдық агент туралы франшизаның бұған дейінгі бөлімі өткен жылы «Skyfall» («007: Координаты «Скайфолл») деген атпен шыққан болатын. Режисері Сэм Мендес болған. Бонидананың келесі рөлін де осы режисер жалғастыруы керек болатын. Бірақ Мендес бұл келісімшартты ұзартқысы келмей, театр қойылымдарын жасаумен айналысуға бетбұрғанын жеткізген.
Қаржы жағдайында айтар болсақ, Сэм Мендестің түсірген бөлімі ең сәтті болғанын атап өту керек. 200 миллионға жуық бюджеттік картина прокатта миллиард АҚШ доллары көлемінде пайда тапқан.
Бұған дейін белгілі болғандай, Бондтың рөлін соңғы үш бөлімде бірдей сомдаған Дениэл Крейг («Казино Рояль», «Квант милосердия», ««007: Координаты «Скайфолл») әлі де кем дегенде екі бөлімінде бас қаһарман болады.
Ал Ноланның соңғы түсірген фильмі Бэтмен трилогиясының соңғы бөлімін, яғни «Темный рыцарь: Возрождение легенды» фильмі болған-тын.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: lenta.ru
А. Құлтай