Бүгін кинотеатрларда – “007 Скайфолл Координаттары”

Бүгін кинотеатрларда – “007 Скайфолл Координаттары”

“007 Скайфолл Координаттары ” фильмінің Лондондағы тұсаукесерінде 007 агентінің рөлін сомдаған Дэниэл Крэйг өз бондианасында бұл фильмді үздік деп жар салды. Құпия агенттің қиыннан қиыстырар қарекеті туралы фильмді бүгіннен бастап біздің елдің көрермені де көре алады.

Фильм сюжетіне келсек, МИ-6 құпия қызмет ұйымына шабуыл жасаудан басталып, әрмен қарай өрбиді. Ағылшындық тыңшылық М ұйымының бастығы (Джуди Денч) Сильва (Хавьер Бардем) есімді жауызға төтеп беру үшін бар күшін салады. Ал оған тек агент 007 (Дэниэл Крэйг) ғана қарсы тұра алмақ. Джеймс Бондтың алдындағы үлкен тапсырма – жаудың қай жерде екенін анықтап, көзін жоюы керек. Мәселе бұрынғы танысы М. И деген бастығына келгенде қиындай түседі. Ол өзінің жұмысына деген адалдығын дәлелдеу мақсатында сан-мың өткелден өтуі керек. Режиссер Сэм Мендестың жұмысы көп болды, несін айтайық. Қош...

Аңызға айналған Джеймс Бонд туралы фильм саны осымен 23-ке жетіп отыр. Тағы бір ерекшелігі, соңғы фильм тұңғыш блокбастердың шығуынан соң тура 50 жылдан соң түсіріліпті.

Фильмнің түсіру жұмыстары өте қауырт әрі қиын екенін айтайық. Себебі 1960 және 1970 жылдары түсірілген туындыны бүгінгі фильмдерімен салыстыруға келмейді. Жұрт назарына бірде ілігіп, бірде ілікпей қалып жүрген кезде соңғы үш сериясында басты рөлді сомдаған Дэниэл Крэйг атақты бондианаға жан бітіргендей болды.  

Жаңа туындының шығын бюджеті – 200 миллион АҚШ доллары. Тағы бір ерекшелігі кассадан түсетін қыруар қаржы қайырымдылық мекемелері мен бұрынғы британ тыңшылық қызметкерлеріне көмек ретінде аударылмақ.

CinemaBlend.com-ның атақты киносыншыларының бірі Кэти Рич бұл киноға жоғары баға беріпті. Ендеше, “007 Скайфолл Координаттары” еліміздің көрермен талғамына толықтай жауап бере алады деген сенімдеміз.     

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: kino-teatr.ru

А. Құлтай