- Негізгі бет
- Кино
- "Джанни Версаче өлімі"...
"Джанни Версаче өлімі" сериалының алғашқы тизері шықты
Біз бұрын "Америкалық қылмыс оқиғалары" сериалының кезекті үшінші кезеңі атақты дизайнер Джанни Версаченің өліміне арналғанын хабарлаған болатынбыз. Енді оның алғашқы тизерін көру мүмкіндігі туып отыр.
Талантты дизайнер, модельер Джанни Версаче 1997 жылдың 25 шілдесінде Майамидегі вилласында қаза тапты. Анығын айтсақ, қастық қылып дұшпандары атып кетті. Джанни өлімінен кейін "Versace" маркасының тізгіні қарындасы Донателланың қолына көшті. Содан бері "Versace" маркасы көпшіліктің көңілін табуға тырысып жұмыс істеп келеді. Антикалық мәдениет пен поп-арттың синтезі ретінде бағаланып жүрен бұл марканың коллекциялары қазіргі таңда әлемдік брендке айналды. Сериалға Донателла образындағы Пенелопа Крус, Джанни Версаче рөліндегі Эдгар Рамирес және т.б. әлем сүйіп тамашалайтын актерлер жұмылдырылған.
Қастандықпен өлтірілген атақты дизайнер Джанни Версаче өлімі көпшілікті бейжай қалдырмайтын оқиға болғаны анық. Ол әлі күнге дейін көпшілік ойын мазалап келе жатырған қылмыстық оқиғалардың бірі.
Аты барша сән әлеміне танымал Джанни Версаче есімді дизайнердің өмірден өткеніне биыл 20 жыл толды. Осыған орай теңдессіз талант иесін еске алу мақсатында көптеген шара ұйымдастырылып жатыр.
Фильм түсірілімінен бөлек, 15 шілде-20 қыркүйек аралығында өткен Dialoghi/Dissing — Gianni Versace Magna Grecia Tribute Неаполь ұлттық археологиялық көрмесі болып өтті. Ол кутурьенің шығармашылық мұрасы мен Көне Грек өнерінің байланысы туралы ақпарат берді. "Версаченің әр топтамасы түрлі археологиялық ашулардан алған шабытынан туындайтын", - дейді көрме кураторы Сабина Альбано. Мысалы, Версаче жейделерінде бейнеленген маска суреттері грек театрларындағы суреттерден алынған. "Ол суреттерді көшіріп салды деуге келмейді. Себебі олар, ең алдымен, Версаче шабытының көзі болды ", - деп еске алады Альбано. Жалпы, экспозиция 11 көйлек пен 20 аксессуардан (браслет, сырға, сағат) және де интерьер бұйымдарынан тұрады. Бір қызығы, бұлардың барлығын Антонио Каравано есімді колекционер ұсынған. Ал, Versace сән үйі аталған көрменің ұйымдастырылуына қатыспаған.
Джанниді еске алу шараларының ең көлемдісі әрі ең маңыздысы – дизайнер қалдырған мұраның қарыштап дамып, ағасының есімі мәңгі өшпестей тер төгіп жүрген Донателланың биылғы Милан сән апталығында көрсеткен жаңа топтамасы болды.
Онда жаңа үлгідегі киімдерден гөрі, Джанни өз қолымен жасап кеткен өнер туындыларын қайталау басым болғандықтан, бұл топтама — ұлы кутурьеге бағытталған оммаж. Көрсетілім соңында Донателла кезінде ағасының музасы болған Клаудии Шиффер, Синди Кроуфорд, Карла Бруни, Хелена Кристенсен мен Наоми Кэмпбелл сынды 90-шы жылдардың топ-модельдерімен бірге шықты. Осыдан 25 жыл бұрын бейнелері барша таблоидтарды жаулап алған бикештер жастары елуді еңсерсе де бұрынғы сұлулығынан айнымаған. Бұған елең етпеу мүмкін емес еді.
А. Оралқызы