Атақтылар ережесі: Одри Хепберн

Атақтылар ережесі: Одри Хепберн
Фото: tv.ua

Кішкентай кезімде ата-анам маған уақыт бөле алмайтын. Шоколад қана менің өмірлік махаббатым болды.
Анам өмір бойы мынаны санама құйып келді: «Адам пайдалы болу керек».
Бала кезімде адамдардың назарын аудару, түрлі қойылымдар қою тәрбиесіздік деп үйретті. Бірақ, мен сол «тәрбиесіз» іс арқылы күн көрдім.
Мен сұлу емеспін. Анам бірде мені ұсқынсыз үйрекке ұқсатқан. Бірақ, болмысымның әр тұсын жеке қарайтын болсаңыз, жақсы нәрсе табуға болады.
Өмірімде өзімді жақсы көрген күнім болған емес: өзімді өте толық, тым ұзын, ұсқынсыз санайтынмын. Тартымдылық – әйел адамның ішіне сақтаған құпиясы. Тартымдылық жұмбақ болумен өлшенеді, оны жұрттың көзіне көрсете беруге болмайды.

фы

Мені күлдіре білетін адамдарды жақсы көремін. Күлкі – менің ең сүйікті ісім. Ол көп аурудан айықтырады.
Мен ажырасуды ешқашан ойлаған емеспін. Бұл сөзге шыдай алмайтыным соншалықты, естіген бойда кірпідей жиырыла қаламын. Мен бір рет және мәңгілік тұрмыста болуды армандадым.
Ер адамның сізге сыйға тартқан сырғасы, оның сізге деген ойы бар екенінен хабар береді.
Адамдар кейде зат секілді, оны қолға алып, қалыпқа келтіріп, орнына қоюды керек етеді. Ешқашан ешкімді жолда тастамаңыз.
Менің үлкен жетістігім – өзімді қабылдаған сәтім. Мен өз қалауымдағы болмысымнан әлдеқайда алшақпын. Бірақ, жаман адам емес екенімді де ұқтым.
Маған өзімді экраннан тамашалау қиынға соғады.
Бір шыны шай ұсынатын адамыңыз болмаса, өміріңіз текке өтіп жатқанын ұққайсыз.
Мен бақыт түсінігін беретін екі сөзді кездестірдім: денсаулық және аз жады.
Тек тәуекелге бел буа кірісетін адамдар ғана табысқа қол жеткізеді.
Күнде рахатқа бөлен: өткен өмірім бүгінгі күнмен өмір сүруді үйретті.
Өмірде ең маңызды нәрсе – әдемі қартаю. Бейнеңіз емес, жаныңызды ерте қартайтып алмаңыз.
Тірі адам болғаннан артық керемет сезім жоқ.

Т. Есқали