Әдемі қартаюдың сыры неде?

Әдемі қартаюдың сыры неде?
Фото: fluper.ru

Жүрекжарды тілектер арасынан "Әдемі қартайыңыз" деген әдемі сөзді естіп жүрміз. Бұл тек түр-әлпетке байланысты айтылған сөз емес. Жас ұлғайған сайын адамдардың есте сақтау қабілеті төмендей бастайды. Егер қарттық шағыңызда жадыңыздың жас жігіттікіндей болғанын қаласаңыз, мына кеңестерге жүгініңіз.

1. Жүгіру

Колорадо университетінің (АҚШ) ғалымдары 30 минут жүгіру мидың жақсы жұмыс істеуіне көмектесетінін айтқан. Әрине, таңғы асқа дейін үйді бір айналып шықсаңыз, ағзаңызға да, миыңызға да серпін береді. Күні бойы өзіңізді сергек сезінетін боласыз.

2. Ақылмен жаттығу

Жаттығу залында әр қимылыңызды ескеру керек екен. Бұл тек денені емес, миды да жаттықтыру үшін қажет. Әдемі қартаю үшін де мидың көмегі тиеді.

3. Табиғатқа жақын болу

Психологиялық тұрғыда ақыл-ойдың қалыпты болуына табиғаттың қосар үлесі көп. Демалыс уақытын тиімді пайдаланып, ағзаның ғана емес, мидың да тынығуына мүмкіндік беру керек. Көкке шығып, табиғатпен сырласып, санаңызға тыныштық ұялатыңыз.

4. Жаңғақ жеу

Денедегі қысымның көтерілуі тек жүрекке ғана емес, миға да кері әсерін тигізеді. Бұл ойлауды тежейді, яғни, қарапайым іс-әрекеттен жаңылысуыңыз мүмкін. «Астыңыздағы атыңызды алты ай іздеп» жүрмес үшін грек жаңғағын күнделікті жеп тұрыңыз.  

5. Тыныш ұйықтау

Түнде дұрыс ұйықтай алмасаңыз, ертеңгі күніңіз де сәтсіз өтуі мүмкін. Сондықтан, сол күні түскі уақытта мызғып алған жөн. Себебі, мидағы ақпараттар ұйқы кезінде жадыда сақталуы тиіс.

6. Шоколад

Шоколад қантамырларының қызметі мен ақыл-ойдың жүйелілігі үшін көмектеседі. Какаоның құрамындағы сүт протеині мен флавоноид шаршаған миды тынықтырады. 

7. Мақсат қою

Күшті рух шыныққан денеде ғана болады. Яғни, рухыңыз мықты болса, сіздің ақыл-ойыңыз да мықты. Жадыңызды қарттық шаққа дайындаудың бір жолы – ерік-жігерді шыңдау. Күшті дене мен жігерге толы санаңыз үндесіп, жадыңыздың қабілетін арттырады.

8. «Темір жеу»

Есте сақтау қабілетіңіз өз нормасында болуы үшін темірге толы азық-түліктерді тұтыну қажет. Сиыр етін тауық не балық етімен алмастырып тұру қажет. Артынан алма жеңіз. 

9. Күйзеліске жол жоқ

Үнемі күйзеліске түсетін адам проблемаларды ойлаумен жүреді. Ал осының әсерінен атаулы күндер, таныстардың есімі автоматты түрде санадан жоғалып отырады. Күйзеліс гармондары Альцгеймер ауруына (жас ұлғайған шақтағы ұмытшақтық) себепші болады. Сондықтан, қандай жағдай болмасын, күйзелістен алшақ жүріңіз.

10. Сабырлы болыңыз

Егер қарт кезіңізде жастық шағыңызды еске алып отырғыңыз келсе, әзірден ашуға жол бермеңіз. Кей адамдар өздерін басқара алмай қалады. Ашуланар алдында ойлануға да мұршаңыздың келмейтіні анық. Бірақ қарттық шақта ашумен өткен уақытыңызды есіңізге алмас үшін алдын алыңыз. Сабыр түбі  – сары алтын!

Е. Жұмабайұлы