«Толағайда» журналистер сынасады

«Толағай» спорт және ойын-сауық бағдарламасы биыл 5 жасқа толып отыр. Осыған байланысты бағдарлама БАҚ құралдары арасында сайыс өткізбек. Ойын эфирде беріледі, дейді Қазақстан арнасының баспасөз бөлімі.

Қатысушыларға қойылатын талап мынадай: өз басылымының логотипі бар жейде, команда аты және ұран сөз. Ойын ақпан айының соңы мен наурыз айының басында жалғасады. Жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар дайындалған.

«Толағай» отбасылар сайысы – еліміздің барлық аймақтарынан келетін отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықтық бағдарлама.

Толағайдың жеңімпазы ширек финал, жартылай финал, және финалдық ойынға шығу арқылы анықталады. Бір бағдарлама 7 түрлі жарыстан тұрады. Қатысушылардың мақсаты – бәсеке талаптарын орындап, қазылар алқасы тарапынан жоғарғы бағаға ие болу.

Отбасы бірлігін паш етуді мақсат еткен «Толағай» отбасылар сайысы еліміздің жас өрендерін спортқа баулып, салауатты өмір сүру салтын насихаттайды.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: bp.blogspot.com