Құтқарушылар қызметіне арналған телехикая шықты

Құтқарушылар қызметіне арналған телехикая шықты

Қазақстанда алғаш рет ҚР ТЖМ құтқарушыларының қызметіне арналған "Төтенше жағдай" телехикаясы жарыққа шықты. 

"Төтенше жағдай" телехикаясын құтқарушылардың күнделікті өміріндегі шынайы оқиғалар негізінде түсірілген, бұл таулы-орманды жерлерде, тұрмыста, су айдындарында халықтың іс-әрекетіне, сондай-ақ күнделікті өмірдегі тіршілік қауіпсіздігі негіздеріне бағытталған оқыту элементтерін қамтиды. Бұл жобаның түсіріліміне отандық киноматография актерлері, сондай-ақ ТЖД, ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының, Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері тартылды.

Сюжет бойынша табысты кәсіпкер інісінің баласы Асланның өмір салтына көз жұмудан шаршайды. Тәрбиелеу мақсатында ол оны Алматы қаласының ТЖ департаментіне жұмысқа орналастырады. ТЖД қызметінде Аслан Төтенше жағдайларды жою басқармасы командасының құрамына кіреді. Оның командасы қаладағы барлық төтенше жағдайларға ден қояды, кезекшілікке кіріседі, өртті сөндіреді, адамдарды құтқарады және сонымен бірге қалыптасқан ұжыммен достасуға тырысады. Уақыт өте келе Аслан құтқарушының жұмысы ол ойлағандай оңай емес екенін және әріптестерінің құрметіне ие болуға тырысу керек екенін түсіне бастайды.

Айта кету керек, Алматы қаласы ТЖ департаменті қызметінің басымдылығы азаматтардың өмірін, денсаулығын және мүлкін төтенше жағдайлардан қорғау. Сонымен қатар, мегаполис экономикасының тұрақты дамуында орындалатын профилактикалық іс-шаралардың сапасы, ТЖ уақтылы жою, оның тиімділігіне материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етудің жиынтығымен қол жеткізу маңызды рөл атқарады.

Алматы қаласының ТЖ департаментінде Өрт сөндіруші-құтқарушылар мен жүргізушілердің 200-ден астам бос лауазымы бар. Осыған байланысты, жастарды азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қатарына тарту бойынша іс-шаралар өткізу қажеттілігі туындады.

Т. Раушанұлы