Хью Джекман "Дэдпул 3" фильмінде Росомаха рөліне оралады

Хью Джекман "Дэдпул 3" фильмінде Росомаха рөліне оралады
Фото: film.ru

Хью Джекман ресми түрде «Дэдпул 3» фильмінде Росомаха рөліне оралады. Оны Райан Рейнольдс өз твиттерінде растады.

Екінші «Дэдпул» 2018 жылы шыққан болатын. Ол да бірінші бөлігі сияқты қомақты касса жинады. Бұл уақыт аралығында Fox студиясын Disney алды. Енді Дэдпул Marvel-ге жатады.

Видеода Райан Рейнольдс үшінші бөліміне ұзақ ойланғанын және ойында бір идея барын айтады. Сол уақытта артында Хью Джекман өтіп бара жатады.

«Хью, Росомаханы тағы бір рет ойнағың келе ме?», — деп сұрайды Райан.

«Иә, әрине», — деп жауап береді Хью.

Содан соң Уитни Хьюстонның «I Will Always Love You» әні ойналады.

«Дэдпул 3» фильмі 2024 жылдың 6 қыркүйегіне жоспарланып отыр. Сюжет детальдары айтылған жоқ. Фильм режиссері — Шон Леви.

А. Жапатова