Қазақстан атынан "Оскарға" Эмир Байғазиннің "Өмір" фильмі ұсынылды

Қазақстанның Оскар комитетінің шешімімен Эмир Байғазиннің «Өмір» фильмі «Үздік шетелдік» номинациясы бойынша «Оскар» академиясының сыйлығына ұсынылды. Картина Ұлттық кинематографияны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Беделді Торонто кинофестивалінде «Заманауи әлем киносы» аталымы бойынша Эмир Байғазиннің жаңа фильмінің әлемдік премьерасы өтті.

Фильм үш жыл бойы Алматыда, Түркістан облысында, Ақтауда және Тайландта түсірілген. 

Басты рөлді Еркебұлан Тасынов сомдаған. Байғазиннің өзі сценарист, режиссер, оператор, продюсер қызметтерін атқарды.

«Бұл фильмнің идеясы мен тарихы осыдан тура он жыл бұрын алғашқы фильмімді түсіруге дайындалып жүргенімде келді. Кейіпкердің басынан өткен қиындықтарға қарамастан, мен бұл оқиғаны өмірге деген сүйіспеншілікке толы деп санадым», - деді режиссер.

2013 жылы Эмир Байғазин түрлі фестивальдерде 25-тен астам жүлде алған «Үндестік сабақтары» фильмімен әлемдік кино сахнасына сөзбе-сөз шықты. Солардың ішінде Берлин кинофестивалінде Қазақстан үшін тұңғыш рет «Күміс аю» болды. Одан кейін «Жаралы періште» мен Батыс жұртшылығының да жақсы көретін «Өзен» шықты. «Өзен» фильмінің әлемдік тұсаукесері 75-ші Венеция кинофестивалінде «Көкжиек» бағдарламасында өтіп, Эмир «Үздік режиссер» атанды.

95-ші Оскар сыйлығына үміткерлер тізімі 2023 жылдың 24 қаңтарында жарияланады. Рәсімнің өзі 2023 жылдың 12 наурызында өтеді.