Лос-Анджелесте Эмми марапаттау рәсімі өтті

Лос-Анджелесте Эмми марапаттау рәсімі өтті
Фото: Agencia AFP

Сейсенбі, 13 қыркүйекте Лос-Анджелесте 74-ші «Эмми» марапаттау рәсімі өтті. HBO арнасының «Мұрагерлер» (Succession) сериалы «Үздік драмалық сериал», ал Тед Лассо (Ted Lasso) «Үздік комедиялық сериал» атанды.

Қазылар алқасы ең үздік мини-сериал ретінде HBO-ның тағы бір жобасы – «Ақ лалагүлді» (The White Lotus) таңдады. Нетфликстің «Кальмар ойыны» (오징어 게) фильміндегі басты рөлі үшін кореялық актер Ли Джон Джэ «Драмалық сериалдағы үздік ер адам рөлі» номинациясын жеңіп алды. Бұл марапат оның мансабындағы алғашқы сыйлық.

Сондай-ақ, «Кальмар ойыны» драмалық сериалы «үздік режиссер» жүлдесін де иеленді.

Зендея «Эйфория» (Euphoria) телесериалындағы рөлі үшін драмалық сериалдағы «үздік актриса» атанды. Бұл актрисаның екіншісыйлығы. Ол осы сериалдағы рөлі үшін 2020 жылы алғашқы сыйлығын алған болатын.

«Озарк» криминалдық сериалындағы рөлі үшін Джулия Гарнер драмалық сериалдағы екінші пландағы «үздік актриса»  атанса,  Мэттью Макфэдиен  «Мұрагерлер» сериалындағы рөлі үшін жеңіске жетті.

«Тед Лассо» сериалында басты рөлді сомдаған Джейсон Судейкис алдыңғы жылдағыдай комедиялық сериалдағы үздік актер атанды. Сол сериалдағы рөлі үшін Бретт Голдштейн екінші пландағы «үздік актер» деп танылды. Сериал сонымен бірге «үздік режиссер» номинациясын жеңді.

Қазылар алқасы «Қулық» (Hacks) сериалындағы Жан Смартты «комедиядағы үздік актриса» деп таңдаса, «Эбботт бастауыш мектебі» (Abbott Elementary) сериалының әртісі Шерил Ли Ральф комедиядағы «екінші пландағы үздік актриса» деп танылды.

Майкл Китон «Құлдырау» мини-сериалындағы рөлі үшін «үздік актер» атанды, ал Аманда Сейфрид осы аталым бойынша «үздік актриса» атанды «Бұзу»  (The Dropout) сериалы үшін осы сыйлықты иеленді.

Т. Раушанұлы