7th BAIQONYR ISFF: Ұлттық байқауының қатысушылары анықталды

7th Baiqonyr International Short Film Festival-нің іріктеу комиссиясы 2022 жылғы ұлттық байқауға қатысушылардың құрамын анықтады. Конкурсқа түскен 90 өтінімнің ішінен комиссия мүшелері – кинотанушылар мен режиссерлер 21 туындыны іріктеп алды.

Ұлттық конкурсқа қатысу үшін алдын ала іріктеуден өткен картиналардың толық тізімі:

 «Құс» –  Бегалы Шибикеев

 «Кастинг» –  Рустем Дастанулы

 «Один день» – Амир Шагилбаев

 «Чикен» – Анастасия Бирючева

 «Телефон» – Алимжан Альмухан

 «Жажди!» – Адлет Шакир

 «Көршінің көйлегі» – Асқар Ермахан

 «Ласточка» – Малика Мухамеджан

 «Ұйқым келді» – Темирлан Сагимбаев

 «Тұнық» – Мейірбан Серік

 «Қызыл алма» –  Асылжан Абдумуталиб

 «Рух» –  Михаил Плиско

 «Қасен мен Құсайын» – Еркінқазықызы Іңкар

 «Детские рисунки» – Родион Баранников

 «Взрослые рисунки» – Бексұлтан Бектұрған

 «Aybat» – Мейрамбек Сағынов

 «Қаңтар» – Әлішер Жәдігеров

 «Sekenaga» – Телжан Нұрмахан

 «Вилик: жизнь пожарного» – Бекарыс Буйтеков

 «Невидимки» –  Виктория Шегай

 «Главное любить» – Меруерт Акитова

Ұлттық байқаудың жеңімпаздарын режиссер Эдуард Новиков (Саха, Ресей) бастаған беделді қазылар алқасы анықтайды. Қазылар алқасының құрамында - кинотанушы Хонг Санг Ву (Оңтүстік Корея), кинотанушы Адиля Хайбуллина (Татарстан, Ресей), кинорежиссер Фехруз Шамиев (Әзербайжан), кинорежиссер Нұржамал Қарамолдоева (Қырғызстан), кинотанушы Евгений Майзель (Ресей) және продюсер Анар Жүнісова (Қазақстан) бар.

Естеріңізге сала кетсек, VII BAIQONYR International Short Film Festival-і 7-11 қыркүйек аралығында Алматыдағы «Арман» киноорталығында өтеді.