Тәуекел Мүсілім Түркиядан пәтер сатып алды

Танымал актер Тәуекел Мүсілім Түркиядан пәтер сатып алды. Ол бұл туралы Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

Актер бұған дейін Желідегі парақшасында Аланияда демалып жүрген сәттерінің видеоларын жүктеген еді.

Ал кейінірек ол пәтер алғанын жазды.

"Отбасылық демалысымыздың бітуіне аз уақыт қалды. Оны Айтөренің түрінен байқауға болады, келесі суретте. Бұл жолы Аланияға келуімнің себебі біз пәтер алған құрылыс компаниясына жарнама түсіру болды. Аллаға шүкір бәрі іске асты", - деп жазды актер.

Актердің оқырмандары оның қуанышына ортақтасып, жағымды пікір жазған:

Үй-жай құтты болсын! Әр отбасында қуаныш көп болсын!

Әлемдік дәрежеге шыққаның құтты болсын, палуан! Қоныс құтты болсын!

Бақыттарың баянды болсын.

Құтты болсын!

Тіл-көзден аулақ болыңдар!