Netflix: "Бриджертондар" – ағылшын тіліндегі ең танымал сериал

Төрт апталық рейтинг бойынша Netflix платформасындағы ең танымал болып "Бриджертондар" сериалының 2-маусымы таңдалды.  Алғашқы 28 күн ішінде 627,11 миллион сағат көрілім жинаған. Екінші орынға сериалдың алғашы маусымы шыққан.

Үшінші орында "Тым оғаш іс" сериалының үшінші маусымы шықса, одан кейінгі орындарға "Ведьмак", "Анны ойластыру" сериалдары шыққан. Бұл ағылшын тілді сериалдар арасындағы рейтинг.

Шет тілдеріндегі сериалдарды қоса есептеген рейтинг бойынша, әлі күнге дейін көш басында "Кальмар ойындары" тұр. Алғашқы 28 күн ішінде сериал сағатына 1,65 миллиард көрілім жинаған.