Бақытын тапқан әйелдер туралы 5 үздік фильм

Бақытын тапқан әйелдер туралы 5 үздік фильм
Фото: ru.freepik.com

Біз бас кейіпкерлері өздерін іздейтін, яғни, өз болмысымен бақытты болу жолындағы тәжірибелерімен бөлісетін әйелдер туралы үздік фильмдердің тізімін жасадық. Бұл тізімдегі картиналарды тамашалай отырып сіз әрбір әйелдің алдында тұрған сұрақтарға жауап таба аласыз. 

1. «Жабайы» (2014)

Басты рөлді Риз Уизерспун сомдаған фильм сюжеті жазушы Шерил Стрейдтің өмірбаяндық кітабына негізделген. Картинада өмірі тоқырауға ұшыраған жас әйел туралы айтылады. Ол күйеуімен ажырасып, кейін анасының бақилық болуына байланысты күйзелістің шыңырауыга құдырап кете барады. Депрессиямен күресу және өзін түсіну үшін ол үлкен рюкзагын арқалап, Американың ең қиын, бірақ көркем жолдарының бірімен жаяу саяхатқа шығады. Бірнеше аптаға созылған сапар барысында кейіпкер өзін тауып, бақыт үшін не қажет екенін түсіне алады.

2. «Сүйкімді Фрэнсис» (2013)

Картинада Калифорниядан Нью-Йоркті жаулап алу үшін жолға шыққан 27 жастағы нағыз оптимист Фрэнсистің өмірі бейнеленген. Ол балет труппаларының  бірінде билейді және богемалық өмір салтын ұстанады, болашаққа арналған жоспарларын анықтауға және ересек болудың қандай екенін түсінуге тырысады. Фильм Бриджит Джонс рухындағы ирониялық дәйексөздерге, сондай-ақ әйелдер достығы туралы философиялық пікірталастарға толы. Картина фильмнің режиссері Ноа Баумбахты жаңа Вуди Аллен деген атаұұа жеткізген. Киносыншылардан жоғары баға алды. Бас кейіпкерді сомдаушы актриса Грета Гервиг осы актерлік жұмысы үшін «Алтын глобус» сыйлығына ұсынылды.

3. «Тәтті тамақтан, Тәңіріңе сыйын, шын сүй» (2010)

Фильм жазушы Элизабет Гилберттің өмірбаяндық кітабына негізделген, басты рөлді Джулия Робертс сомдаған. Бір күні кейіпкер өзі қалағаннан мүлде басқа өмір сүріп жатқанын түсінеді. Сол сәттен кейін ол күйеуімен ажырасуды ұйғарады және өзін түсіну жолында әлем бойынша саяхатқа шығады. Осылайша, Италияда Элизабет қарапайым өмірге қуануды үйренеді, Үндістан сенімге ие болуға көмектеседі, ал Индонезия үйлесімділік табуға жол сілтейді. Фильм Нью-Йорк, Неаполь, Патауди және Балидің әдемі көріністеріне толы және прокаттан рекордтық 204,6 миллион доллар жинады (фильмнің бюджеті 60 миллион долларды құрады).

4. «Джой» (2016)

Фильм Лонг-Айлендте тұратын жалғызбасты ана Джой Манганоның шынайы оқиғасына негізделген. Ол бүкіл әлемге әйгілі өздігінен сығылатын швабра ойлап тапқан. Кейіпкер үй күтіміне арналған өнімдерге арналған бизнес империясын құрмас бұрын, ол көптеген қиындықтарға тап болды. Мысалы ешкім әйелді өнертапқыш ретінде мойындамады. Аталған фильм Джойдың барлық қиындықтарды жеңуіне  және өмірін өзгертуге көмектесетін ішкі монологтарына бай. Фильмде басты рөлді сомдаған Дженнифер Лоуренс «Алтын глобусты» жеңіп алды, сонымен қатар «Оскар» сыйлығына ұсынылды. 

5. «Джули мен Джулия: Бақытты рецепт бойынша дайындаймыз» (2009)

Фильм 30 жастан асқан әйелдердің көпшілігі бастан өткерген дағдарыс туралы баяндайды. Кеңсе қызметкері Джули өмірін өзгерту керек деп шешеді, бірақ қайда барарын білмейді. Джули өзінің ішкі күйзелісін жеңу жолындағы терапия ретінде америкалық аспаз Джулия Чайльдтың кітабындағы барлық рецепттер бойынша бір жыл бойы тамақ пісіру туралы шешім қабылдайды. Оның өмірімен параллель фильмде күйеуі дипломатпен бірге Парижге көшіп, күйеуі жұмыстан қолы босамай жүргенде өз болмысымен бетпе-бет келген Чайльдың тағдыры суреттеледі. Фильмнің бас кейіпкері кейде өзін-өзі іздеудің жылдарға созылуы мүмкін екенін еске салады. Америкалық аспаздың рөлі үшін Мэрил Стрип «Алтын глобус» алды.

А. Оралқызы