Отбасымен бірге көруге арналған 5 жаңа фильм

Отбасымен бірге көруге арналған 5 жаңа фильм
Фото: youtube.com

Барлық отбасымен бірге көруге арналған кинолар әрқашан мейірімді, күлкілі және қорқынышты емес келеді. Ал бәріңіз бірге фильм қараған уақыт балалардың есінде қалады. Ендеше, жаңадан шыққан 5 отбасылық фильмді ұсынамыз.

1. «Қасқыр мен арыстан» (Le loup et le lion, 2022)

Альма есімді бойжеткен балалығы өткен үйге оралады. Біркүні серуендеп жүріп, қасқыр мен арыстанның күшігін тауып алады. Альма оларды құтқарып, жасырын түрде өз үйінде өсіреді. Олар бірге өседі және олардың достығын ешкім бұза алмайтындай көрінеді. Бірақ біркүні арыстанды ұстап алып, циркке жіберсе, қасқырды ғалымдар зерттеуге алып кетеді. Бұл фильм көрермендерді жақынына ықыласпен қарауға үйретеді. Сондай-ақ бұл фильм балалармен бірге цирктерді және жануарларға жүргізілетін зерттеулерді талқылауға мүмкіндік береді.

2. «Менің қасқырым» (Mystère, 2022)

8-жасар Виктория әкесімен бірге қаладан тауға көшіп келеді. Біркүні олар бақташымен танысады. Ол қызға Секрет есімді күшікті сыйлайды. Олар уақыт өте кішкентай күшіктің қауіпті жыртқыш болып өсетінін біледі.

3. «Сиқырлы аңдар мектебі» (Die Schule der magischen Tiere, 2021)

Бенни мен Идеге бір-бір сиқырлы аңнан береді. Олар сөйлей алады және өз иелеріне ең жақсы дос болуға дайын. Олардың барлығын қызықты оқиғалар күтіп тұр. Алайда олар жаңа достарын ересектерден жасыра ала ма?

4. «Көмектесіңіздер, мен достарымды кішірейтіп алдым!» (Hilfe, ich hab meine Freunde geschrumpft, 2021)

Бұл танымал неміс кинофраншизасының соңғы бөлімі. Бұл фильм негізіне Сабине Людвигтің романы алынған. Отто Леонардо атындағы мектепке жаңа оқушы қыз Мелани келеді. Ол басты кейіпкер Феликске ұнап қалады. Алайда мектепке жаңа оқушы келгеннен бері ұсақ ұрлық көбейіп кетеді. Сондықтан Феликстің достары оны Меланиден көре бастайды. Сол үшін олар Феликс пен Меланидің кездесуіне кедергі болады. Бұған ренжіген Феликс достарын 10 есе кішірейтіп тастайды.

5. «Лесси. Үйге оралу» (Lassie - Eine abenteuerliche Reise, 2020)

Бұл жолы Лессиді баладан айырады. Ал Лесси мұндай тағдырға көнгісі келмейді. Сондықтан ол қашып, үйіне апарар жолды іздейді. Ары қарай оның басынан өткен қызыққа толы саяхатын тамашалай аласыздар.

А. Жапатова