Ақпан айында жарыққа шығатын фильмдер

Ақпан айында жарыққа шығатын фильмдер
Фото: gamerbay.ru

Ақпан айы жақсы жаңалықтармен қуантпақ. Көптен күткен "Белгісіз" (Uncharted) фильмі жарыққа шығады. Одан бөлек қандай фильмдер көрермен назарына ұсынылады, топтамадан біліңіз.

03.02

Moonfall / Айдың құлауы / Падение Луны
Елі: АҚШ, Канада, Қытай
Режиссер: Роланд Эммерих
Жанры: фантастика, әскери

Белгісіз себептермен Ай орбитадан шығып, Жерге қарай құлап келеді. Бұл жерде катакализмнің басталуына себеп болады.

Hinterland /  Хинтерленд / Хинтерленд: город грехов 
Елі:
Аустрия, Люксембург
Режиссер: Штефан Рузовицки
Жанры: детектив, триллер, драма

Вена, 1920 жыл. Қалада өлім көбейеді. Мұның артында кім тұрғанын білу үшін детектив Петер Перг іске кіріседі. Тергеу жұмыстары барысында құрбан болғандар арасында әріптестері барын да біледі. 

10.02

Marry Me /  Маған тұрмысқа шықшы / Первый встречный
Елі: АҚШ
Режиссер: Кэт Койро
Жанры: мелодрама, комедия, музыка

Поп жұлдыз Кэт Вальдез бен оның сүйіктісі Бастиан — жылдың үздік жұбы. Бірақ үйленер алдында Кэт Бастианның орынсыз қылығынан хабардар болады. Екеуінің тағдыры екіге айырылады. Әбден көңілі қалған Кэт математика мұғалімімен танысып, оған тұрмысқа шығу туралы шешім қабылдайды. 

Uncharted / Белгісіз / Анчартед: На картах не значится
Елі:
АҚШ
Режиссер: Рубен Фляйшер
Жанры: әскери, шытырман

Нейтан Дрейк және Виктор "Салли" Салливан әлемнің ең ұлы қазынасын іздеуге аттанады. Сонымен қатар, олар Нейтанның із-түссіз жоғалып кеткен бауыры туралы айғақтар іздеуді мақсат етеді.

17.02

The Desperate Hour / Үмітсіз сағат / Гонка со временем
Елі:
АҚШ
Режиссер: Филлип Нойс
Жанры: триллер

Эми Карр таңғы жаттығу кезінде ұлы атыс-шабыстың ортасында қалғанын біледі. Шарасыз ана үмітсіз сағаттарды артқа қалдырып, уақытпен және өліммен жанталаса шайқасады. Бала өмірі қыл үстінде тұрғанда анаға қарсы тұрар кім бар?

Почти Мачо
Елі:
Қазақстан
Режиссер: Бакытжан Жиеналы
Жанры: комедия

Тіс дәрігері АҚШ-тың белді медициналық орталығынан шақырту алады. Анасы оған үйлен, содан кейін кет немесе елде қаласың деген талап қояды. Дамир таныстары арқылы арнайы орталықтың барын біледі. Енді оған 2 ай ішінде лайықты жар табу ғана қалды.

Fireheart / Жалын жүрек/ Пламенное сердце
Елі:
Франция, Канада
Режиссер: Теодор Ти, Лоран Зэйтун
Жанры: мультфильм, комедия, шытырман, отбасылық

Бала кезінен Джорджиа Нолан әкесі сияқты өрт сөндіруші болуды армандайды. Бірақ заң балаға мүмкіндік бермейді. Бір күні қаладағы өрт сөндірушілер жұмбақ күйде жоғала бастайды. Ал өртенген ғимараттар саны болса арта түседі. Джорджиа сәтті пайдаланып, бала арманын іске асыруға тырысады.

24.02

Blacklight / Көлеңкелер ойыны / Игра теней
Елі: Қытай, Аустралия, АҚШ
Режиссер: Марк Уильямс
Жанры:  триллер

Бас кейіпкер FBI қызметі кезінде парызын мінсіз орындайды. Бірақ немересі үшін жұмыстан шығуға бел буғанда, басшылық қарсылық білдіреді. Енді ол жүйеге қарсы шықпақшы. 

Cyrano / Сирано / Сирано
Елі: Ұлыбритания, АҚШ, Канада
Режиссер: Джо Райт
Жанры: мелодрама, драма, мюзикл

Сирано де Бержерак – өз заманының озығы. Ол семсерлесу жекпе-жегінің шебері. Оның сыртқы келбетіндегі кемшіліктер оның махаббатына кедергі келтіреді.  Адал құрбысы Роксаннаға ессіз ғашық ол, өзін оған лайықсыз санайды. Ал Роксанна Кристианға бір көргеннен ғашық болады.

Т. Есқали