"Кальмар ойынына" ұқсас 5 фильм

Оңтүстік Кореялық "Кальмар ойыны" (Squid Game) сериалы Netflix ағынды платформасы тарихындағы ең танымал сериал атанды.

Ақшаға бәс тіккен адамдар арасынан тек бір ғана қатысушы 45,6 миллиард вон (40 миллион доллар) ұтып алу үшін балалар ойынын ойнайтын драма Netflix-те бір ай ішінде бүкіл әлем көрермендерінің сүйікті сериалына айналып үлгерді. Массагет порталы дәл осы сериалға ұқсас фильмдер тізімін ұсынады.

"Алиса шекара аймағында" (Imawa no Kuni no Arisu) 2020,  сериал Netflix 

Жанр: боевик, детектив, фэнтези

"Алиса шекара аймағында" сериалы — осы аттас мангаға негізделген сериал. Туындыда жалқау әрі  ойынқұмар Рёхэй Арисудың басынан өткен қауіпті оқиғалар  баяндалады. Ол бос уақытын достарымен бірге жастар арасында танымал Сибуя аймағында өткізеді. Жасөспірімдер бейне ойындармен әуестенеді, жұмыс жасау немесе болашақ туралы мүлде ойламайды. Бір күні Рёхэй Арису достарымен бірге параллель өмірге тап болады.

Бұл таңғажайып, апокалипсистік әлемде өзінің қатаң ережелері билік етеді, енді Рёхэй Арису мен оның достары аман қалу үшін ойынға қатысуға мәжбүр болады. Қатыгез және айлаға толы ойындар жеңімпаздарға өмір береді, ал жеңілгендер немесе ойнағысы келмейтіндер "Кальмар ойыны" сериалындағыдай өлім құшады.

"Мен іздеуге аттандым" (Ready or Not) 2019, фильм

Жанр: Триллер

Грэйс есімді бойжеткен өте сыпайы және талғампаз Алекс атты жігітпен танысады. Ол өте ежелгі ақсүйектер отбасының өкілі еді. Бірнеше романтикалық кездесулерден кейін ол Грэйске тұрмысқа шығуға ұсыныс білдіреді. Жігіт бойжеткенді өзінің ата-анасымен және ақсүйектер отбасының басқа мүшелерімен таныстыру үшін салтанатты үйлену тойы өтетін отбасылық кешке шақырады. Рәсімнен кейін отағасы Грейске белгілі бір ойынға қатысудан кейін олардың отбасының толық мүшесі болатынын хабарлайды. Түн ортасында қыз ескі үйде жасырынуы керек, ал бүкіл отбасы оны іздейді.

Алайда, кейіпкер бұл сүйкімді адамдар нағыз психопат болып шығатынын білмейді. Ойын дегені нағыз өмір мен өлім арасындағы жанталас екен. Әр түрлі суық қарумен қаруланған бүкіл отбасы оны өлтірмекші болып іздей бастайды. Алекс қызды бірінші болып табады және тірі қалудың жалғыз мүмкіндігі – қатыгез "аңшылардың" көзіне түспей, таң атқанға дейін жасырына тұру керек екенін айтады.

"Кеңсе эксперименті" (Mayhem) 2017, фильм

Жанр: боевик, комедия

Адамдар арасында жұқпалы вирус тарайды. Оны жұқтырғандар өзін-өзі басқара алмайды. Бірақ сегіз сағаттан кейін вирустың әсері жойылады.

Оқиға сюжеті бойынша Дерек Чо үлкен заң фирмасында жақсы жалақы мен мансапқа ие болу үшін көп жұмыс істейді. Бір күні жоғары лауазымды әріптесі оны клиент пен бастықтың көзінше оған жала жабады. Сол күні таңертең олардың кеңсесінде вирус тарайды. Ғимарат қоршауға алынып, ішінде тәртіпсіздік басталады. Дерек әділеттілікті қалпына келтіру үшін осы мүмкіндікті пайдалану туралы шешім қабылдайды.

"Өліммен қуаласпақ ойнау" (Real Onigokko) 2015, фильм

Жанр: боевик, хоррор

Көптеген сарапшылар "Кальмар ойынының" идеясы осы фильмнен алынған деседі. Фильмнің басты кейіпкері Изуми апатты жарылыстан аман қалады. Бірақ ол өткен өміріндегі оқиғалардың барлығын ұмытып қалады. Қасындағы адамдардың түрі таныс болғанымен, оларды танымайды.

Изумидің құрбылары оның жанынан табылып барлық оқиғаларды түсіндіруге тырысады. Фильм барысында қанышер жыртқыш бұлардың қыр соңынан қалмай, Изуми тілдескен адамдарды өлтіріп отырады.

"Королдік шайқас" (Battle Royale)  2000, фильм

"Королдік шайқас" – экономикалық дағдарыстың нәтижесінде Ұлы Шығыс Азияның тоталитарлық мемлекетінің құрамына кіретін Жапония халқының 15%-ы жұмыссыз қалады. Оқушылар мектептерге бойкот жариялайды. Бұған жауап ретінде үкімет "Battle Royale" білім беру ойын жобасын бастайды, оған мектеп оқушылары қатысуға мәжбүр болады.

Жапон мектеп оқушыларының бір тобы экскурсияға барады. Автобуста балаларды газбен улайды. Олар мойындарында металл құрсаумен есін жинайды.  Оқушылардың мұғалімі Китано қатысуы керек болатын «ойынның» ережелерін түсіндіреді. 3 күн ішінде соңғы аман қалған адам бостандық алады. Ойынға қатысушылардың әрқайсысына ең қажетті заттар таратылады. Егер 3 күннен кейін бірнеше қатысушы қалса, олардың мойнындағы құрсауда орнатылған бомба жарылып кетеді.