067: «Кальмар ойынының» жұлдызы Чон Хо Ён жайлы не білеміз?

Қазір батыл және жауынгер қыздар трендке айналып келе жатқандай. Көпшілік La Casa De Papel (Бумажный дом) сериалындағы Токиомен қимай қоштасып еді. Алайда көп күттірмей жұрттың назарын жаңа кейіпкер өзіне қаратты. Ол — Netflix стриминг компаниясы түсірген «Кальмар ойыны» сериалындағы 67-ші ойыншыны сомдаған актриса Чон Хо Ён. Назарларыңызға кәріс актрисасы жайлы бірнеше факт ұсынамыз.

1-факт. Чон Хо Ён — табысты модель

Көп сөйлемейтін және жұмбақ қыз Сэ Бёк  — 27-жасар Чон Хо Ённың актриса ретінде ойнаған алғашқы рөлі. Ол сән индустриясында танымал: Чон Хо Ён — подиумдағы атақты әрі табысты модельдердің бірі. Оның есімі планетадағы топ-50 үздік модельдер рейтингіне кіреді. Оның портфолиосында Bottega Veneta, Chanel, Fendi, Jacquem және басқа да атақты көрсетілімдер бар. Ол – Louis Vuitton сән үйінің сүйікті модельдерінің бірі: Чон Хо Ён 2017 жылы олардың жарнамалық компаниясының бас моделі болды.

2-факт. Ол «Кәрісше топ-модель» телевизиялық шоуы арқылы танылды

Чон Хо Ён 2013 жылы «Кәрісше топ-модельдің» төртінші маусымына қатысып, екінші аптасында-ақ шығып кеткен болатын. Алайда ол бесінші маусымға қайтадан қатысты. Нәтижесінде, финалға дейін жетіп, үштікке кірді.

3-факт. Ол индустрияда қызғылт-сары шашымен танымал

Ол жергілікті индустриядан халықаралық деңгейге 2016 жылы шықты. Бір қызығы, Чон Хо Ённың кастингтерден сәтті өтуіне оның жаңа шаш түсі көмектескен.  Сериалда оның шашының түсі табиғи және ұзындығы қысқа болғанмен, дизайнерлер арасында қызғылт-сары және ұзын шашымен танылды. Бұл шаш үлгісі оның фирмалық стиліне айналды.

4-факт. Ол — street-style ханшайымы

Чон Хо Ён өзіне жарасымды киім үлгісімен танымал. Ол өз стилінің арқасында көше фотографтарының сүйіктісіне айналды.

5-факт. Чон Хо Ён — ең танымал кәріс әншісінің құрбысы

Хо Ён — ең танымал Blackpink кәріс тобының әншісі Дженнимен дос. Дженни «Кальмар ойынының» түсірілім алаңында да болған: Дженни мен Хо-Ён ойыншылардың төсегінде селфи жасаған. Инстаграмдағы бұл жазба бірнеше күннің ішінде сегіз миллион лайк жинады.

6-факт. Атақты модель актермен кездеседі

Чон Хо Ён атақты кәріс актері Ли Дон Хвимен кездеседі. Бұл актер тек Кореяда емес, әлем бойынша танымал: Ол BAFTA премиясын алған және 2016 жылы Канн кинофестивалінің басты конкурсына қатысқан «Служанка» фильмінде түскен болатын.